Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгін сағат 00:00-де Көкпектіде шектеу шаралары енгізілді
Аудан орталығына кіретін 3 бағыт бойынша блок-пост қойылды. Аудан әкімі Асхат Смаилов пен аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Жанболат Асқар бекеттерді аралап, жұмыс барысын тікелей қадағалады.


Блок-постар Самар ауылы, Жарма және Зайсан мен Тарбағатай аудандарына шығатын жол бойында орын тепті. Онда полиция және мемлекеттік қызметкерлер, санитарлық қызмет өкілдері тәулік бойы жұмыс істейді. Кіріп шыққан барлық жолаушылардың дене қызуы тепловизормен өлшеніп, жеке деректері журналға тіркеледі. Қазіргі уақытта келіп-кетушілердің барлығы өткізіліп жатыр. Бірақ әрбір жолаушының құжаты мен денсаулығы мұқият тексерілуде. Әрбір автокөлікке дезинфекция жасалуда.
Көкпекті ауданы бас санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, арнайы рұқсатсыз аудан орталығына кіруге және одан шығуға тыйым салынды. Айта кету керек, азық-түліктер мен басқа да қажетті заттарды жеткізу үшін «жасыл дәліз» сақталады.
Көкпектіде енгізілген шектеу шараларына байланысты 16 сәуір күні аудандық газеттің арнайы шығарылымы жарық көреді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз