Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі Шығыс Қазақстанда  коронавирус инфекциясынан 1 адамның қайтыс болғанын хабарлаған еді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан бұл деректі растап, көз жұмған кісі Өскемен қаласының 1979 жылы туған тұрғыны, әйел адам екендігін растады.

«Науқас 12 сәуірде жедел жәрдем қызметімен ауыр жағдайда екі жақты пневмониямен провизорлық стационарға жеткізілген. Шет елге шықпаған. CОVID-19 талдаулары оң нәтиже көрсеткеннен кейін инфекциялық стационардың қарқынды терапия палатасына ауыстырылды. Пациентте СОVID-19-дан басқа екі жақты ошақты пневмония, сол жақты плеврит, 3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі, токсинді миокардит, жіті респираторлық дисстресс-синдромы және ауыр алкогольдік улануы тіркелген. Науқастың өмірін сақтау үшін реаниматолог дәрігерлер өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, барлық реанимациялық іс-шараларды жүргізді.

Түнде екі мәрте жүрегі тоқтап, екі рет реанимациялық шара сәтті нәтиже көрсеткен болатын. Алайда, жүрегі қайтадан үшінші рет тоқтаған кезде, реанимация шаралары сәтсіз болды. Онымен байланыста болған 13 адам тіркелген. Олардың барлығы оқшауланды. Науқастың жақындары мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз» дейді басқарма басшысы.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз