Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

29 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов, ішкі саясат бөлімінің және Жастар ресурстық орталығының мамандары Палатцы, Сарыбел және Миролюбовка ауылдық округтерінің таксистеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Коронавирусты алдын алудың және оның таралуына қарсы іс-қимылдың басты құралдарының бірі - оқшаулану: қоршаған ортамен және адамдармен қарым-қатынасты шектеу. Бірақ табыстың жалғыз жолы – жолаушылар тасымалы болып отырған жандарға қайтпек керек? Ал көптеген азаматтар қалалармен тікелей байланысты жоғалтуды қаламайды, өйткені онда олардың жақындары тұрады.


Бірақ бұл мәселе корона-вирустың таралымы бәсең-демеген осындай кезде жағдайды ушықтыратыны анық. 28 наурызда біздің облыста, дәлірек айтқанда Семей қаласында инфекцияны жұқтырудың алғашқы екі оқиғасы расталды. Сондықтан да қалада жолаушылар тасымалын жүзеге асыратындармен жұмыс коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық штаб қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Жұмыс тобы басшысының орынбасары, аудан мамандары, ішкі саясат бөлімі және Жас-тар ресурстық орталығының таксистерге корона-вирустық инфекцияның алдын алу шараларын үнемі жасап отыру, автокөліктердің салондарын дезинфекциялық өңдеу, өзімен бірге жеке қорғану құралдары және дезинфекциялық құралдарды алып жүруге шақырды. Сонымен қатар, тақырыптық парақшалар таратылды.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз