Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі таңда туған жердің тазалығы күн тәртібіндегі ең бірінші мәселелердің бірі болып тұр. Өткен жұма күні аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың тапсырмасы бойынша Көкпекті ауылында орын тепкен Жеңіс саябағында ауылдық округ апаратының ұйымдастыруымен сенбілік өтті.
Аудан орталығы Көкпекті ауылы тоғыз жолдың торабында орналасқан тұрғындарының тұрмысына жайлы мекен. Көшелері жылдан жылға көркейіп, ғимараттар да жаңартылып жатыр. Халық игілігі үшін қызмет атқаратын көптеген мекеме мен ұжымдар өз істерінің нағыз майталмандары. Міне, осындай елді мекендегі Жеңіс саябағында өткен сенбіліктің нәтижесі көз қуантарлық деп айтуға негіз жоқ.


Көкпекті ауылдық округі әкімдігінің берген ақпаратына сүйенсек, ауылдағы барлық мекемелерге сенбілік өтеді деп құлақтандырылған болатын.
Аталмыш сенбілікке қатысқан Көкпекті орта мектебі, Ж.Шайжүнісов орта мектебі, Өнер мектебі, Көкпекті ауылдық округі әкімдігі, Аудандық мұрағат, Аудандық редакция ұжымы, Жұмыспен қамту орталығы Аудандық аурухананың ұжымдары сенбілікте саябақтағы шыршалардың түптерін ретке келтіру және қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізді.
- Науқандық жұмыста көп болып бірігіп, туған жердің гүлденуіне бәріміз атсалысуымыз керек, – деді ауылдық округ әкімінің орынбасары Нина Укешова. - Алайда, «Көкпекті аудандық қорғаныс бөлімі», ауыл шаруашылық бөлімі, үйде арнаулы қызмет көрсету орталығы, Мәдениет үйі, ауылдағы 3 балабақшаның ұжымдары, Экономика және қаржы бөлімі, Жер қатынастар бөлімі, Білім беру бөлімі, Жастар орталығы, коммуналды шаруашылық ұжымы сенбілік ұйымдастырылған күні қарасын да көрсетпей тазалық жұмыстарына бей-жай қарады.
Ұлы Жеңісті алып берген ардагерлерімізді еске алатын қасиетті орынның тазалығына қол ұшын тигізбеген, сенбілікке шықпаған мекемелер қарапайым тұрғындарға қай жағынан үлгі бола білді? Сонда, біздің ардагерлерге жасаған құрметіміз осы болғаны ма?
Ауылымызды гүлдендіріп, көшелерімізді көркейтеміз десек санитарлық тазалықты өзімізден бастағанымыз жөн болар. Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз