Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Толағайдың басынан жарқ етіп жасын ұрса, қарт Қалбаның от кеудесінде метал қайнайды. Өртке шыныққан қара тас тот баспас алтынға айналады. Дәл осылай бала жастан күреспен шыныққан Данияр Қайсанов та тұңғыш рет аудан спортшылары арасында Олимпиадаға, Толағайдан Токиоға жол салды.

 

Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты болып өтті. Әлемнің спортшылары қатысқан дүбірлі додада жерлесіміз Данияр Қайсанов қазақ елінің, ауданымыздың намысын қорғап, үздік алты палуанның қатарына еніп, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама иеленді.
Жер шарының ең мықты палуандары жиналған әлемдік чемпионатта Данияр тарланымыз қалың спортшылардың арасында топ жарды. 74 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз Данияр бойында рух пен намыстың қызуы бар екенін күшімен дәлелдеді.
Саңлақтардың бірімен Данияр ширек финалда жолықты. Күресу әдісі ерек италиялық Франк Чамизомен өткен белдесуден жиналған жұрт оң нәтиже күткен еді. Яғни осының алдында Италияда өткен рейтингілік сайыста 6:4 есебімен ұтылған жерлесімізді есе қайтарар деген сенімде болды. Алайда кездесу 5:0 есебімен екі дүркін Әлем чемпионының пайдасына шешілді. Данияр үшін белдесу мұнымен бітпеді. Тым құрығанда қола медаль иелену жоспарға қойылды. Сөйтіп жұбаныш белдесуінде оңтүстік кореялық Сенгчул Лиді 6:0 есебімен тізе бүктірді. Бабы келісіп тұрған Қайсанов кіші финалда франциялық Зелимхан Хаджиевпен нағыз «айқас» көрсетті. Белдесу тізгіні жерлесіміздің қолында тұрғандай еді. Дегенмен Хаджиев бір ұпай басымдығын сақтап қалуға барын салды. Бір байқалғаны, қазылар тарапы франциялық спортшыға бұра тарту әрекетіне барғандай әсер қалдырды. Қорытынды есеп 4:3, қола медаль Хаджиевтің қанжығасында кетті.
Туған жерінің атын шартарапқа шығарып жүрген спортшыларымыз бүгінде әлем чемпионаттарында жеңістің биік тұғырынан көрініп, ел абыройын асқақтатып жүр. Айшықты табыстарға жеткен Данияр сынды батырлар ұлтымыздың мақтанышы, халқымыздың қуанышы. Данияр қайсарлық, өршілдік, жоғары спорттық шеберлік және жеңіске деген құлшыныс таныта отырып, «қазақ» елін әлемге лайықты таныта білді. Даниярдың жеңісі ауданымыздың спорт шежіресіне мәңгілікке енетін болады.
Жерлесіміз Даниярға жеңіс шыңына шығар белестері жалғаса берсін демекпіз. Осындай жеңістер біздің ауданымыздың спорт саласының дамуына жаңа қарқын беретініне сенеміз!
Нұржайнаш Рахымбаева, Даниярдың тәтесі:
- Барлық отбасы Даниярдын мақтан тұтады. Әлемдік біріншілікте өнер көрсету - қиын және жауапты. Сондықтанда біз барлығымыз ол үшін уайымдап, шын жүректен қолдау көрсеттік. Менің ойымша, кез келген спортшыға мұндай қолдау маңызды, өйткені ол күш беріп, оң нәтижеге қол жеткізеді. Енді ол Токиода өтетін Олимпиада ойындарында дайындық үстінде. Менің жиенімнің әр түрлі деңгейдегі жетістіктер аз емес, бірақ ол мұнымен тоқтауды жоспарлап отырған жоқ. Данияр саған сәттілік тілейміз! Біз сенеміз саған!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
           

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз