Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде, Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Екі жұлдыз» ән байқауының іріктеу кезеңі өткізілді. Аталмыш байқаудың мақсаты балаларды белсенді шығармашылыққа тарту. Талантты орындаушыларды анықтау болды.
Байқауға қызмет алушылармен бірге орталық мамандары қатысты. Олар 6 жұпқа бөлініп өз өнерлерін көрсетті. 1 - жұп А.Айдарғазина және А.Идришева, 2 - жұп Т.Кулекенов және Б.Искаова, 3 - жұп А.Мұхамадиева және Ж.Жанбаева, 4 - жұп М.Баймұханов және А.Төреханова, 5 - жұп Н.Искакова және А.Идришева, 6 - жұп Т.Рахматулина және Р.Көшербаева болды.

 

Сайысқа қатысушылардың жүректері қуаныш пен үрейге толы болды. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені қызмет алушы Нұрай Искакова және әлеуметтік қызметкер Аяулым Идришева иеленді. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, естелік сыйлықтары берілді.

Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз