Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Өрт – тілсіз жау» дейді халық даналығы. Жаз айларының аптап ыстығы өрт қауіпін тудырудың негізгі себептерінің бірі. Әсіресе, бұл кезде орман алқаптарын өрттен көздің қарашығындай сақтауға тура келеді. Соның ішінде біздің «Самар орман шаруашылығы» КММ-нің қызметкерлерінің негізгі міндеті – мемлекеттік орман қоры жерлерін өрттен қорғау. Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі бірінші кезектегі мәселе. Орман шаруашылықтарының барлығында орманды өрттен қорғау жоспары болады. Орманда өрт шығу себептері көбінесе адамдардың өз кінәсінен болатыны бәрімізге мәлім. Қоршаған ортаны қорғау әр адамның міндеті екенін еске ала отырып, аудан тұрғындарына мемлекеттік орман қорына іргелес орналасқан шабындық, бақшалық, егіндік жерлерде, малды ауылдарда отты пайдалануда ұқыптылық танытуларыңызды сұраймыз!


Жаз мезгілінде табиғат аясында демалуды ұнататын аудан тұрғындарынан да сұрайтынымыз өрт қауіпсіздігін қатаң сақтап, азық-түлік қалдықтарын арнайы санитарлық шұңқырларға көміп, қоршаған ортаны ластауға жол бермегеніміз жөн.
Әр тұрғын мұндай ескертулерге байыппен қараса, халық байлығы орманды тілсіз жаудан қорғауға, аман сақтауға елеулі ықпалын тигізері даусыз.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы орман алқаптарын өрттен қорғау жөнінде жиі айтып отыру керек. Егерде қасақана өрт шығарған тұлғалар анықталса, қатаң шара қолданатынын ескертеміз. Осыған орай өрт болған жағдайда ақпаратты жедел түрде мына телефонға хабарлауларыңызды сұраймыз: 27-94 47 Аудан тұрғындарына айтарымыз далада, орманда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтайық!


Ғ.Тілеуметов, Самар орман
шаруашылығының аңшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз