Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Теректі ауылының орталығында 2016 жылдары бой көтерген  мешіт үйі соңғы жылдары табиғат құбылыстарының әсерінен күмбездері мен мұнараларының сыны кете бастап еді. Теректілік мұсылман қауымы бірігіп, жөндеу жұмыстарына кірісті.

Міне, жақында ауыл әкімі Қайрат Ахметқалиевтің ұсынысымен жерлесіміз «Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Ержан Қойгельдин «Туған жерге тағзым» акция-сы аясында және ауылдағы иманды азаматтар мешітті күрделі жөндеу жұмыстарын бастады. Мешіт күмбезін жаңартып, төбесінің су ағатын жерлерін жөндеп, шатыр тұрғызады. Күмбезді жаңалау жұмысына арнайы қаладан сапалы металл жеткізіп, тот баспайтын болат қолданылды. Бұл жұмыстарға қомақты қаржы жұмсалғаны анық. Осы қаржыны аямай көмек қолдарын созған ауылдың атымтай-жомарт азаматтары – Қойкелді батырдың немересі Ержан Қойгельдин, ауылдың ауқатты шонжарлары – Мұрат Булькенов, ағайынды Қарықболовтар, Талғат Хикматуллин. Одан басқа өздерін Ғалым. Нұржан деп қана атаған, бергендерін ақ ниеттерімен ұсынған азаматтарға ауылдық округі әкімінің алғысы зор.


Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан Мұхтар Испаевтың айтуынша материал толық жетеді, адам күші аз емес, Болат Бекенов пен Мұрат Ұлтараковтың ұйымдастыруымен ауа райының қолайлылығына байланысты жөндеу жұмыстары тез атқарылуда. «Мешіт ұжымы мен жамағаттары, Теректі ауылының ақсақалдары және ауылдағы бүкіл мұсылман қауымның атынан туған жеріне тағзым етіп, көмек қолын созған бұл игі ісіне аса зор ризашылығымызды білдіреміз. Алланың разылығына бөленсін, жүзеге асырып жатқан ісі өрге жүзіп, өзіне және отбасына денсаулық пен бақ-береке берсін дегіміз келеді»,- деді қуанышымен бөлісіп.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз