Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Қазақ қанынан айырылмайтын үш нәрсе бар. Олар - аламан бәйге, айтыс, қазақ күресі», - деген халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов. Міне, күрес десе қаны қызатын күллі жұртымыз қарт Тарбағатайдың төсін дүбірге толтырып, Ақсуат топырағында бас қосты.
Әр халықтың маңдайына біткен жарық жұлдыздай жарқырайтын ерекше адамдары болады. Халқы әрқашан да мақтан тұтады. Жастары сыйынады. Сондай аруақты атамыз - Ырғызбай Досқанаұлына арналған қазақ күресінен әлемдік Гран - при бәсекесі болып өтті Ақсуаттың төрінде. Дүниежүзінің айтулы балуандары қазақтың қас батыры Қаракерей Қабанбай жортқан ұлы далада бас қосып, бақ сынасты.
Әлемнің 28 елінен келген балуандар белдесуін көруге келген жұрт орталық алаңға лық толды. Байрақты бәсекеге қатысуға келген 84 балуан екі топқа бөлініп, көрерменге таныстырылды, жеребелерін алды. Әр кездесуде қазақ күресінің қыр-сырын жетік меңгерген, айла-тәсілі басым спортшылар жеңіске жетіп, келесі айналымға жолдама алып жатты. Олардың барлығы өз жерінде дзюдо, самбо күресінің чемпиондары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, осалын табу қиын.
70 келіге дейінгі палуандар күресінде Грузия спортшысы жеңімпаз атанды. Жерлесіміз Өскен Төлеубек күміс жүлдегер және Молдова палуаны қоланы місе тұтты. 80 келі салмақта ІІІ орын Қазақстан, ІІ орын Грузия, І орын Тәжікстан елінің палуанына бұйырды.


Ең ауыр салмақ дәрежесінде дәл қазіргі уақытта қазақ күресінің теңдессіз шебері, абсолюттік чемпионы Айбек Нұғымаров топ жарды. Үздік сегіздікке енген балуандар қыркүйек айында Корея елінде өтетін дүниежүзілік ойындарға жолдама алды.
Айтыстың бас жүлдесін ЕрланАманқожа жеңіп алды
Сүйікті ақындарының маржан жырын тыңдауға келген жұртшылықтың қарасы қалың. Елге белгілі кәсіпкер Дулат Тастекеевтің демеушілігімен «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық жыр додасы Ақсуат жерінде осымен қатарынан төртінші рет өткізіліп отыр.
Халықаралық айтыста есімдері әр қазақтың жүрегінен орын алған Сырым Әуезхан, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Қанат Мырзахан, Дулат Шідерин, Нұрмат Мансұров, Аруна Керімбек, Аспанбек Шұғатаев, Моңғолиядан Айдос Рашат, Қырғызстаннан Ақжолтай Қанатбекұлы, Қытайдан келген Ерлан Аманқожаұлы айтыскер ақындар қатысып, бақ сынады.
Айтыстың ашылу салтанатында Тарбағатай ауданы тарихынан сыр шертер «Тарихқа толы Тарбағатай» кітабы және де алғаш рет көпшілікке жол тартқан «Туған жерге туыңды тік» атауымен 2016-2018 жылдар аралығында өткен халықарарлық айтысқа қатысқан ақындардың тартысты айтысын кіргізген кітаптың тұсауы кесілді.
Сондай-ақ, Тарбағатай ауданының әкімі Серікқазы Садуақасов дүбірлі тойға ат терлетіп келген сөз зергерлеріне сәттілік тіледі. Ал, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман Молдашұлы осымен төртінші жыл қатарынан өтіп жатқан халықаралық айтыстың бас демеушісі Дулат Тастекеевке ұлттық құндылығымызға әрдайым жанашырлық танытып жүргені үшін айтыскер қауымның атынан алғыс жеткізді.
Ақындардың өнеріне Алтынбек Қоразбаев, Ұлықбек Есдәулетов сынды ел ағаларымен бірге айтыстың жілігін шағып майын ішкен Абаш Кәкенов, Дәулеткерей Кәпұлы, Серікзат Дүйсенғазы, Серік Қалиев, Серік Жұматов сияқты ақындар бағасын берді.
Айтыс қорытындысында Ерлан Аманқожаұлы бас жүлдені (2 млн теңге) жеңіп алды. Тараздық Қанат Мырзахан бірінші (1 млн теңге), батысқазақстандық Жансая Мусина екінші (700 мың теңге), алматылық Рүстем Қайыртайұлы үшінші (500 мың теңге) орынға ие болды. Жыл сайын табысталатын арнайы стипендия (2,4 млн теңге) биыл Аспанбек Шұғатаевқа берілді.
Қырғыз ақыны Ақжолтай Қанатбекұлы:
- Ақсуаттағы айтысқа алғаш келуім. Осы айтыстың дүбірін бұрыннан естіген едік, сырттай білеміз. Өзімнің айтысымда «көзімді ашқалы дәл мұндай думан көрмеп едім» дегендей, үлкен додаға келіп, жырымызбен елді сусындатқанымызға өте бақытты сезінеміз!

Дархан БЕРДІБЕК
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз