Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Соңғы жылдары дәстүрге айналған ауылшаруашылығы жәрмеңкесі наурыздың 30 күні аудан орталығында өткізілді. Бұл жәрмеңкелер нарықтағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында іске асырылады. Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша сенбілік жәрмеңкеге Үлкенбөкен, Теректі, Көкпекті, Шұғылбай, Тассай, Үлгілімалшы, Биғаш, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтері атсалыса қатысты. Атап айтқанда, 480 келі – ірі қара малдың еті, 100 келі қой еті, 200 келі жылқы еті, шошқа еті, құс еті, 300 келі – балық, 50 келі – бал, 300 келі картоп, 100 келі орамжапырақ,100 келі сәбіз, 50 келі тартылған балық, 90 келі сары май, 900 дана жұмыртқа, 60 литр тұздалған азық қоры және талқан, құрт, ірімшік сияқты сүт өнімдері тұтынушыларға саудаға шығарылды. Бағалары да қолжетімді болды. Мәселен, сиыр еті – 1 келісі –1300-1400 теңгеден сатылды, картоп – 120 теңгеге берілді.


Айта кететін болсақ, жәрмеңкеге қатысушы ауылдар сауда сөрелерінің аймағына келушілерге түсінікті болу үшін округтің атауы жазылған жазу ілінуі қажет болатын. Ал, бұл жолғы жәрмеңкеде тек Үлкенбөкен ауылдық округінде ғана ауылдың аты жазылған баннер ілінді, ал қалған округтерде не жеке шатыры не атауы жазылған жазу болмады. Сонымен қатар, жәрмеңкеге келушілердің назарына аудандық мәдениет үйі музыка қойып, әндерін шырқап тұрса жәрмеңкеге келушілерде мерекелік көңіл-күй болар еді. 
Қажет Жүніспеков, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің депутаты: - Ауыл шаруашылық жәрмеңкелер дәстүрге айналып, халық арасында барған сайын үлкен сұранысқа иеленуде. Әр сенбі сайын өтетін жәрмеңкелердің барлығын аралаймын. Тауарлардың бағасы нарықтық бағадан біршама үнемді. Сондықтан да, аудан орталығының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне келгендер риза болып қалады. Және де құр қол кетпеді біреулер ет сатып алса, біреулер сүт, нан өнімдерін жұмыртқа салынған пакеттермен қайтып жатыр. Тек ауылдық округтерден келген саудагерлердің арнайы санитарлық талаптарға сай форма кимеуі, сатылымдағы нанның арнайы қаптамада болмауы сияқты кемшіліктерді алдағы уақытта тағы да қайталанбауы үшін айта кеткен жөн.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз