Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

15 жылдан астам аптасына 3 рет қатынап келген «Самар- Алматы» бағытындағы жолаушы тасымалдаушы автобус 2018 жылдың желтоқсан айынан бері тоқтап, қыс бойы мүлдем жүрмей қойған. Осылайша еліміздің ең ірі қаласы Алматымен арадағы жалғыз қоғамдық көлік байланысы тоқтап, Көкпекті ауданы тұрғындары қиналып қалды. Әсіресе, Алматыда оқитын студент жастар мен саудамен айналысатын тұрғындарға ауыр соққан екен. Алматыға жету үшін такси жалдап, Өскемен немесе Жалғызтөбеге сабылған жұрттың табаны тозған.

Тарыққан тұрғындар арызын айтып, аудан әкімі Асхат Смаиловқа хат жолдады. Жергілікті биліктің араласуымен «Самар - Алматы» бағытындағы автобус маршруты сәуір айында жұмысын қайта жаңғыртты. Күнара жүретін автобус 5 ай бойы Самарға келмей қайда «адасып жүрген» сонда? Мердігер мекеме тендер бойынша жеңіп алған маршруттағы міндетін неге орындамайды? – деген сауал туындайды.


Енді, түйінді мәселені түбірінен тарқатсақ. ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ресми дерегі бойынша облысаралық «Самар - Алматы» маршрутында жолаушылар тасымалдау қызметін «Фирма Транзит Сервис» ЖШС ұтып алған. Аудан басшысының шұғыл тапсырмасына орай хат жолдаған Көкпекті ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне облыстық басқарма жағдайды түсіндіріп, осындай жауап жазыпты. Ол хатта айтылған негізгі уәж – климаттық жағдайдың қолайсыздығы. Алайда, халыққа жолаушы тасымалдау қызметін көрсетемін деп ниет білдіре отырып, арнайы тендерді ұтып алғанда «Фирма Транзит Сервис» ЖШС климаттық жағдайды неге ескермеген?
«2019 жылдың қысында климаттық жағдайларға байланысты Алматы – ШҚО тас жолы толық немесе кейбір бөліктері жиі жабылып қалып отырды. Қар құрсауында автобустар 2-3 күн тұрып қалған жағдайлар болды. 2016 жылы автобус 10 күн тоқтап қалған болатын» дейді хат мәтіні. Сонда, 2016 жылғы 10 күнді сылтау қылып 5 ай жүрмей қойғанын қалай түсінуге болады? Сонда міндетін орындамаған мердігер осы уақытқа дейін тапсырыс берушіге орын алған жағдайды түсіндіріп, қызмет пайдаланушы Көкпекті ауданы тұрғындарына қалайша хабарламағанын? Облыстық мекеме басшылығының шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарының жағдайын жақсатуды қаперге де ілмегені ме? – деген сұраударымыз жауапсыз қалуда.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз