Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған қысқы ойын түрі - шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында жолдастық кездесу өтті. Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев қатысып, жас спортшыларды мерекемен құттықтап, барлық жиналған командаларға сәттілік тіледі. 

 

- Құрметті спортшылар, қош келдіңіздер! Бүгінгі хоккей қораптарының ашылу салтанаты Тәуелсіздік мерекесіне арналып отыр. Бүгінгі таңда аудан басшысының басты мақсаты қысқы спорт түрін дамыту. Ауданда қысқы ойын түрі хоккейді дамыту керекпіз. Әрқашанда көк туымыз желбірей берсін. Спорттық шараға қатысушылардың барлығын алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын, - деді Дәурен Бақытжанұлы.
Ауданның Теректі, Үлгілімалшы, Көкпекті, Үлкенбөкен ауылдарынан барлығы жеті команда ойын көрсетті. Ортаға жеребе тасталып, алғаш сайысқа түсетін командалардың аттары да белгілі болды. Жарысқа Үлкенбөкен командасының бапкері Есет Нұрғазыұлы Тукушев төрешілік етті. Шайбалы хоккей шеберлері айдынға шығып, тартысқа толы дода басталып кетті.
Шайбалы хоккей өрендері арасында өткен жарыстың соңында сайыстың нәтижесі белгілі болды. Тартысты ойынның қорытындысы бойынша кіші топтар арасында қарсыластарынан басым түскен Үлкенбөкен ОМ І орынды, Абай атындағы орта мектебінің оқушылары ІІ орынды иеленсе, ІІІ орынды Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінің оқушылары жеңіп алды. Жасы үлкен топтағылар арасынан І орынды Абай атындағы орта мектебі, ІІ орынды Үлкенбөкен ОМ, ІІІ орынды Қ.Аухадиев атындағы ОМ, ІV орынды Көкпекті ОМ оқушылары қанжығалады.
І орын алған командаларға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етті. Ойынға қатысып ІІ,ІІІ,ІV орын иеленген командаларға да мадақтамалар берілді.
Біз өз кезегімізде, осындай жас өрендер арасынан ертеңгі күні әлемдік спорт ареналарында қазақ елінің намысын асқақтататын чемпиондардың шығуына тілектестік білдіреміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз