Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

29 қараша күні аудан әкімі Асхат Смаилов Көкпекті ауылындағы бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектеп, Көкпекті орта мектебін аралаған аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, аталмыш мекеме басшыларына жаңа тапсырмалар жүктеді. Негізгі басымдықтарды айқындап, мақсатты жұмысқа бағыттады.

 

Аудан орталығындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бүгінгі күні 9 бірлік жаттықтырушы еңбек етуде. Асхат Сайдахметұлы алдағы уақытта Көкпектіде қазақ күресі мен футболдан жаттықтырушы бірлігін қарастыру мәселесін көтерді. Қарыштап дамып келе жатқан ұлттық мұрамыз қазақ күресіне деген қызығушылық аудан орталығында өте жоғары. Ендігі уақытта аудан әкімінің тапсырмасымен жасөспірімдерді жаттықтыратын бапкер жұмыс бастаса жас палуандардың жеңістеріне куә болатын күн де алыс емес. Әлемде ең көп таралған және көпшілік сүйіп ойнайтын футболды қолдау да өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулудың айшықты қадамы.
Жақия Шайжүнісов атындағы мектепте аудан әкімі жылыту маусымының барысын бағамдап, оқушылардың асхана мәзірін көрді. Мектеп жанындағы жылыжай жұмысын жуық арада жандандыру керектігі де назардан тыс қалмады. Көкпекті орта мектебінің жылыжайында басталып жатқан жұмыстарға жақсы баға берді. Білім бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафиноваға осы бағыттағы жұмыстар басқа да мектептердің базасында қолға алынып, оқушылардың тікелей қатысуымен жүзеге асуы керектігін міндеттеді.
- Бұл жұмыстардың барлығы бір-екі жылдың тірлігі емес. Ерінбей еткен еңбектің нәтижесін болашақта көретін боламыз. Әрбір білім ордасы осы істен үлгі алып, мектеп айналасын көріктендіруге бар күшін салуы керек. Жылыжай жұмысына оқушыларды қатыстыру аса маңызды. Оқушылардың көкөніс өсіру дағдысы қалыптасып, еңбек етуге үйренеді. Сондай-ақ, мұғалімдерге де сабақты тәжірибемен ұштастырып өткізуіне мүмкіндік туады, - деді Асхат Сайдахметұлы.
Сонымен бірге, Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қайрат Алғазиновқа аудан орталығындағы көшелердің бұрылысы мен әлеуметтік нысандардың алдына көктайғақтан сақтайтын қиыршық құм төсеу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз