Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті орта мектебінде қараша айының 21 күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай менің тұңғыш Президентім атты іс шара болып өтті. 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы-Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Шараның ұйымдастырылуымен өткізілуіне пән оқытушылары Т.Мазыбаева, Мәңгілік ел кабинетінің меңгерушісі Р.Орумбеков жауапты болып, 9-сынып оқышылары да өз үлестерін қосты.

 

«Менің тұңғыш Президентім» тақырыбымен өткен іс-шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Сарманова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Шекенова басқа да қонақтар қатысты. Осы тәрбие сағатын жүргізуші қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тоты Мазыбаева оқушылармен бірге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси еңбек жолына кең көлемді шолу жасады. Келесі кезекте оқушылар екіге бөлініп, топтық жұмыспен айналысты. Топтастыру әдісімен өткен сұрақ-жауап сайысында арнайы спикерлер оларды ұпай саны бойынша бағалады.
Тәрбие сағатында білім бөлімінің әдіскері Гүлмира Қизатқызы еліміздің тәуелсіздігін тұғырлы етіп, биік белестерге шығарған Елбасының ерен еңбегін атап өтіп, айтулы мерекемен қатысушыларды құттықтады. Қатысқандарына алғысын білдірді. Сондай-ақ, бөлім әдіскері алдағы уақытта оқушы балаларға осыдай іс шара кезінде ғана Елбасы туралы мәлімет іздемей, үнемі ізденісте болуды, іс шарадан алатын тәрбиелік мәнін ұғынуды ескертіп өтті. Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты аудандағы ресурстық орталық болып табылатын Мәңгілік Ел кабинетінде өткенін айта кету орынды. Кабинет меңгерушісі Ринат Рафикұлының айтуынша, бұл кабинет алғашында 2013 жылы қаңтар айында «Қазақстан жолы» деген атпен ашылып, кейіннен 2014 жылы «Мәңгілік Ел» атауына ауыстырылған. Бұл кабинетте жылдық жоспар негізінде тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, дебат, диспуттар, ашық сабақтар өткізіледі. «Мәңгілік Ел» кабинеті заманауи технологиямен жабдықталып, Елбасы суреттері ілінген стендтпен рәсімделген.
Еліміз тұңғыш рет Президент күнін осымен бесінші жыл қатарынан атап өткелі отыр. Тұңғыш Президенттің сол 1 желтоқсанда сайланып, Қазақстан Республикасында президенттік институтқа қадам дәл осы күні басталғанымен түсіндіріледі. Осылайша «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға тиісті қосымша енгізіліп, 1 желтоқсан ресми негізде Тұңғыш Президент күні болып белгіленді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз