Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тоты Құдайбергенқызы Мазыбаева Көкпекті орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
- Мемлекет дамуында ғылым мен білімнің алатын орны ерекше болмақ. Егемен елімізді өркениетке жетелейтін білімнің бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім нəрін беретін ұстаз тұрады. Мұның өзі бүгінгі таңда мұғалім беделін арттыру, оның мəртебесін көтеру өзекті мəселе екендігі дау туғызбаса керек.
Елбасы Жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау керектігін атап өтті. Жолдау-да ұстаздардың мәртебесін көтеру, мұғалімдерге үлкен қолдау көрсету қажеттілігі айтылды.


Педагог мәртебесін көтермей білім саласында жетістікке үміт арту мүмкін емес.Осы орайда «Мұғалім мәртебесін арттыру – адам капиталын құрметтеуге бағытталған құтты қадам. Ұстаздарға мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетілуі, заң әзірленуі көңіл қуантады. Бұл тұрғыда педагогтер де инновациялық технологияларды меңгеріп, білімін жетілдіріп, тәжірибесін арттырып отырулары керек. Ол үшін мұғалімнің білімі мен біліктілігі оның педагогикалық шеберлігіне ұштасуы керек.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз