Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының балалар өнер мектебінде шығармашылық бағытына негізделген тігін, сурет, биссер, тоқыма үйірмелері жұмыс істейді. Бұған қоса, аудан әкімі Асхат Смаиловтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың қазан айынан бастап балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері үшін жаңадан қосымша «Жұмсақ ойыншықтар» үйірмесі ашылған болатын. 

Үйірме жұмысымен танысу мақсатында балалар өнер мектебі директорының орынбасары Айнұр Баянғалиевамен бірге аталмыш үйірменің сабағына қатысып қайттық. Үйірме жетекшісі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына есімі енген жерлесіміз жеке кәсіпкер Жанна Жабекова. Аптасына екі рет өткізілетін қолөнер үйірмесі Жаннаның жұмсақ ойыншықтар жасайтын тігін цехында жүргізіледі екен. Бүгінде Жаннадан сабақ алып жүрген балалар екі топқа бөлінген. Екі топ құрамында 6 баладан бар. Айнұр Азанбайқызының айтуынша, балалар жетекшілерін өте жақсы көреді, үйірме сабақтарын босатпайды. Балалар тіпті каникуль уақытында да де келіп жүреді. Бір айдың ішінде үйірмеге қатысушылар жетекшілерімен бір-лесе үш жұмысты аяқтапты. Тағы бір айта кететін жайт, үйірме ақысыз негізде жүргізіледі. Үйірме жетекшісі үнемі шығармашылық ізденісте, креативті идеяларды іздейді және өз дағдыларын жетілдіреді. Бірақ шығармашылықтың негізгі бағыты жұмсақ ойыншық тігу болып табылады. Олардың көпшілігін Жанна фетр мен флист матасының жарқын түстерін таңдауға тырысады. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың күш-жігерін дұрыс бағытта жұмсау және бойында тұнып тұрған туа біткен қабілетін ашу, өнерге баулу үйірме мұғалімдерінің қолында. Біздің мектебіміз балаларды жан-жақты дамыту мақсатында және шығармашылық бағыт бойынша Ж.Шайжүнісов орта мектебінде «Ағаш өңдеу», Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешенінде «Жас кескін шеберлері» үйірмелері жұмыс жасап келеді.

 

Үйірмелер оқушылардың бос уақытты тиімді қолдануға мүмкіндік береді. «Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп» деп халық нақыл сөзінде айтылғандай бұл үйірмелердің берері көп және жеткен жетістіктері аз емес. Үйірмеден оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып, көркем эстетикалық көзқарастары қалыптасады. Жұмсақ ойыншықтар жасайтын үйірме жұмысында техникалық қауіпсіздік ережелері міндетті түрде ескеріледі. Үйірмеге келуші қыздардың алдарына алжапқыш тағулары да ескеріліпті. Жанна Берікбекқызының нәзік қолынан шыққан жұмсақ ойыншықтар көбінесе мультфильмдердің кейіпкерлері Винни-Пухтан қазіргі заманауи Пепа шошқасына дейін, яғни қолөнер шеберінің жұмысының негізгі бөлігі балаларға арналыпты.
Аймара Айдарханова, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы.
- Үйірмеге келе бастағанына біраз уақыт өткенін, үйірме жетекшісі білгенін ерінбей-жалықпай үйрететінін айтты. Үйірмеге келген ұнайды. Жетекшіміз бізге тігістің шет, ішкі тігіс деген түрлерін үйретті. Біздің үйірмеде уақыт қызықты өтеді. Біз онымен тез тіл табысамыз,ал егер бізде қандай да бір қиындықтар туындаса, ол бізге көмектеседі, үйретеді.
Еркежан Еженхан, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің 6 оқушысы:
- Жұмсақ ойыншықтар үйірмесіне қатысып жүр-геніме бір айдай уақыт болды. Үйірме жетекшіміз Жанна Берікбекқызымен оқуға қажетті пенал тігуді үйреніп жатырмыз, жұмысымыз толық аяқталған соң оны сабаққа пайдаламыз. Және түрлі әдемі жұмыстарды көрсетіп алдағы уақытта соларды тігетінімізге уәде берді.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз