Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

30 қазан күні аудан орталығы Көкпекті ауылына 250 түп сібір шыршасының көшеті отырғызылды. Ауылдарды абаттандыруға бағытталған жоба аудан әкімі Асхат Смаиловтың бастамасымен жүзеге асырылуда.

Көшет отырғызу акциясына ауылдың тайлы-тұяғы қалмай қатысты. Аудан әкімінің орынбасарлары Жасұлан Майкенев, Дәурен Қойгелдин, Марат Теміржановтар, маслихат хатшысы Талғат Сарманов, аппарат басшысы Раушан Кемербаева, ауылдық округ әкімі Қайрат Алғазинов, мемлекеттік қызметкерлер мен мекеме және ұйым өкілдері бірлесе атсалысты. Көшеттер негізінен орталықтағы Абай және Абылайхан көшелерінің бойына отырғызылды. Сондай-ақ, мекеме және ұйым аулаларына да бөлініп берілді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы бастаған елдің үлкендері де көпшілік жанынан табылып, ақыл-кеңестерін аямады. Ақсақалдар өз қолдарымен ағаш егіп, игі бастамаға қолдау білдірді. Қариялардың батасын алып, істің мән жайын тез ұғысқан жас-тар бірден қолдап әкетті.


- Бүгінгі күні еліміз еңсесін тіктеп, даму жолында қарыштап қадам басып келеді. Аудан өмірінде де оңды өзгерістер көп. Осы орайда, аудан әкімі Асхат Сайдахметұлының ауылдарды абаттандыруға белсене кіріскені бізге рухани демеу берді. Акцияға жас-тар да үлес қосып жатыр. Болашақта Көкпектіміз көркейе беретініне сенім мол», - дейді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алтынғазы Оразаев.
Акцияға қатысушы барлық азаматтар аса белсенді қимыл танытты. Қатонқарағай ауданындағы ұлттық парк аумағынан әкелінген 250 сібір шыршасының көшеті аудан орталығына отырғызылды. 8 жылдық шыршалардың биіктігі 1 метрден жоғары екен. Сонымен бірге, Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округіне 1 мың дана сібір шыршасының сеппелері әкелінді. Акция аясында биылғы жылдың өзінде тағы да 1 мың сеппе ауданға жеткізілмек.
Осылайша, ынтымақты елдің қарты мен жасы, басшысы мен жұмысшысы бөлінбей, тең қимылдап, шадыман көңіл, шуақты ниетпен бірлесе қарбаласқан әдемі сәт болды бұл күн.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз