Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 25 қазан күні, Көкпекті ауданы Кәсіпкерлер Палатасының мәжіліс залында Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Ержан Сәрсенбаевтың төрағалығымен ветеринария саласының мамандары бас қосқан жиын өтті. Жиынға Кәсіпкерлер Палатасының төрайымы Әлия Мұқашева және ауылдық округтің мал дәрігерлері қатысты. 

Жиында мал басын бірдейлендіру, оның базасын порталға салу, шығару және малдың қозғалысын реттеу, «аусыл» індетінің алдын алу шарасы, «Сібір жарасы» індетінің ошақтарының кординаттарын анықтау жұмыстары туралы мәселелер қаралып, талқыланды.


- Сібір жарасы малдың барлық түлігіне және адамға жұғатын жіті жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы таяқша микробтар. Микроб ауру организмнен сыртқа шығып, жерде, малдың қиында, мал қораларында, жайылымдықта бірнеше жылдар ішінде спора яғни өте берік, таяқша түзіп жата береді. Қыста аязда, жазда ыстықтан өлмейді. Ескі мал қорымдарында олардың өмір сүру бейімділігі малдарды көмгеннен кейін 30-40 жылдан артыққа барады. Осы споралар малдың немесе адамның ағзасына түскен жағдайда қабықшасын лақтырып тастап, таяқшаға айналады, содан кейін көбейіп, қан арқылы бүкіл организмге тарайды. Малдың организмінде микроб спораға айналмайды және терісі ешқандай бүлінбеген күнде 3-4 күн ішінде ақ қырылып қалады. Сондықтан Сібір жазасы ауруынан өлген малдың өлігін жарып қарауға, қалайда бір жерін кесуге рұқсат етілмейді.- деді Ержан Әділханұлы өз сөзінде.
Жиында сондай-ақ, ветеринария бөлімінің басшысы Ербол Төлешов, «Көкпекті мал дәрігері» КМК директоры Кенжебек Терин, Көкпекті аудандық зертхана меңгерушісі Жарқын Бауедимов жоспарға сәйкес, ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету, ауру малдарды санитарлық талапқа сай сойып, әрі қарай қайта өңдеуді ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу мал дәрігерлерінің алдағы уақытта атқарар міндеттері екенін баса айтты.
Иә, ветеринария саласының біраз мәселері мен мал дәрігерлердің қадағалауын талап ететін жайттар талқыланған жиынды қорытындылаған Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Ержан Әділханұлы: -Медицина адамды емдесе, ветеринария адамзатты емдейді. Сондықтан әр мал дәрігері өз ісіне жауапкершілікпен қарауы керек. Барлықтарыздың жұмыстарыңа табыс тілеймін,-деп шараны қорытты.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз