Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметті жерлестер! Құрметті ардагерлер! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Ерік-жігерін ұрпағының жарқын болашағы үшін құрбан еткен қариялармызды құрметтейтін күн - қазанның бірі, яғни қарттар күні. Құрметті аға ұрпақ өкілдері, Сіздерден біздің және өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің алар тәрбиесі мен өсиеттері көп-ақ, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін, мәдениетін және туған тіліміз бен ділімізді, адамгершілік қарым-қатынастың қасиеттерін үйренеміз. Біздің апаларымыз бен аталарымыздың айтқан ертегілері мен әңгімелерінен бізде Отанға, туған елге, айналамызға деген махаббат пен сүйіспеншілік туады.


Сіздерді Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Уақыт пен ұрпақты жалғастырған, күздің салқын күндерінде жылуын шашқан бұл мереке үлкендерді құрметтеп, қамқорлық көрсететін халқымыздың ежелгі дәстүрін насихаттайды.
Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлерге қамқорлық назардан тыс қалған емес.
Қымбатты қариялар!
Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға мықты денсаулық, сәттілік пен ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт, береке, бірлік тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!


А.С.Смаилов, Көкпекті ауданының әкімі
Т.М.Сарманов, Көкпекті аудандық
маслихаттың хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз