Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 13 тамызы күні «Көкпекті орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» жобалық штабының жетекшісі Мәдениет Ахметова мен жобалық штабтың әкімшілік тобының жетекшісі Қарлығаш Шерьязданованың қатысуымен семинар-кеңес болып өтті. 
Семинар кеңеске ауданымыздың мектептеріндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуына жауапты мамандар, тәрбие ісі бойынша мектеп директорлары орынбасарлары, мектеп директорлары мен ауылдық округтер әкімдері, мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат бөлімдері басшылары, аудандық жобалық офистің мүшелері қатысты.

 

Көкпекті ауданы бойынша құрылған жобалық офистің кординаторы - аудан әкімі Асхат Смаилов, жетекшісі – аудан әкімі орынбасары – Дәурен Қойгелдин. Жобалық офистің қызметін ұйымдастыратын әкімгерлері: Бек Нұғыбаев - ішкі саясат бөлімінің басшысы, Әлібек Саржанов – аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Шолпан Мұстафинова – білім беру бөлімінің басшысы, Айгүл Ботантаева – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы міндетін атқарушы. «Атамекен» жобасы менеджері – А.Рақымбаев, «Рухани Қазына» жобасы менеджері –М.Тажикова, Тәрбие және білім» жобасы менеджері - Берік Байгереев, «Ақпарат толқыны» жобасы менеджері – Рахат Құсманов тағайындалған екен. 
Семинар екі кезеңде өтті. 
Бірінші кезеңде аудандық офистің мүшелерімен басшылығы бағдарламаны жүзеге асырудың жоспарын қалай құру және сол межеленген іс-шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын талқылады. Атқарылған іс-шаралар мен тақырыптық қойылымдардың есебінің жасалуы, облыстық штабқа жолданылу формасы түсіндірілді. Облыстық штабтың құрылымы зерделеніп әр жобаға кім жауапты болуы керек, қандай мақсатқа жетіп, нендей міндетті орындаулары керек тәпіштеп түсіндірілді. 
Екінші кезеңдегі пленарлық отырыста, жиналғандар алдында облыстық штабтың жетекшісі Мәдениет Ахметованың аудандық жобалық офистің жұмысына баға бере отырып айтқаны: «Жалпы аудандық офис орташа жұмыс істеп отыр. Жұмысқа «қанағаттанарлық» деген баға қойылғаны бір сала озып, бір сала қалып жатыр – деген сөз. Ұйымдастырудағы кемшілік менеджерлер дұрыс таңдалмаған. Әр жоба менеджері сол жобалық саланың маманы болмаса да, сол салаға қызығушылық танытып жүрген тұлға болуы шарт. Әзірге офис жұмысын әлі де болса жандандыру қажет» -деді. 
Бұдан әрі Шығыс Қазақстан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық штабының басшысы Мәдениет Ахметова міндеттер мен мақсаттардың айқын, орындалуға лайық болуын шегелеп айта келе: «Елбасы мақаласы жарияланған уақытынан өзінің өзектілігі мен бүгінгі күнге қажеттілігін көрсетті. Олай дейтін себебіміз бұл ұлтымыздың зиялы қауымы көптен күткен іргелі бастама еді. Өйткені мемлекет құрушы және құраушы ұлт қазақ халқының ата тарихына, ана тіліне, бай мәдениетіне еліміздегі өзге де ұлттар мен ұлыстар тарапынан құрмет артпай тәуелсіз мемлекетіміздің рухани-идеологиялық негіздері берік қалыптаспайтындығы бесенеден белгілі жайт. Сондықтан да мақалада көрсетілген Бәсекелік қабілет әрбір азаматта болуы шарт. Ол дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Біріншісі - ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі - алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек. Білімнің салтанат құруы. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа - эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді. Сананың ашықтығы.Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. 
Аталған алты бағытты талдай келе, оларды жүзеге асырудағы аудандағы бірлесіп қызмет атқаратын бөлімдерді, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында туындайтын мақсаттар мен міндеттерді тинақты орындауға шақырды. Облыстық жобалық штабтың әкімшілік секторның басшысы Қарлығаш Шерьязданова жоспарлау мен іс қағаздарын рәсімдеуді, есептер мен ақпраттарды уақытында жолдау талаптарын жеткізді. 
«Рухани жаңғырудың» жарқын жолының бастауы бастауындай болған семинар-кеңес қатысушылардың талайына жақсы ой салды. Көкпекті орта мектебінің директорының міндетін атқарушы Шолпан Ғабдулина: «Бүгінгі семинар-кеңес алдағы басталатын оқу жылына жаңа жоспар, тың идеяларды туындатты. Бүгінгі Мәдениет Ахметова талдап түсіндірген мақсат-міндеттерді орындап, бағдарламаның лайықты жүзеге асуына бар білімізді, күш жігерімізді саламыз» - деді.

Қайрат БЕСБАЙЫС

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз