Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданымызға дүниеге мәшһүр, тарих ғылымының докторы, профессор, Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округіндегі Патшалар жазығынан Қазақстандағы үшінші «Алтын адамды» тапқан Әбдеш Тәшкенұлы Төлеубаев келді.
Ғалыммен аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері басшылары Бек Нұғыбаев пен Әлібек Саржанов және аудандық маслихат депутаты, «Жұлдыз», «Новая жизнь» газетінің, «Кokpekti» журналының редакторы Дархан Берді-бек кездесті.


Әбдеш Тәшкенұлы бастаған экспедиция Қаракезең асуындағы таңбалы тастарға барды. Экспедиция құрамындағы Ғалымжан Қиясбек - Əлкей Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері. Ринат Жұматаев - PHD докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушысы. Акбар Ерқабылов - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистранты. Олар суреттерді жеке-жеке фотоға түсіріп, топосъемка жасап жатты. Бактриан түйелер тұсалып, ит ерткен аңшылар қосқа беттеп, аулақта арқар мен таутекенің тобы үркіп бара жатқандай екен. Енді бір бұрышта мүйіздері қарағайдай бұғылар қалың орманнан жазыққа шыға келгендей бастарын көтеріп, тың тыңдап тұр. Итін ерткен бала сызбасынан төмен әлдекім есімін «Дәуен» - деп тұрып қашапты. Мыңдаған жылдар бүлінбеген аталар ескерткішін, 21 ғасырда бүлдірген қайдағы бір Дәуенге не айтармыз. Бас шайқап, таңдай қақтық. 119 жеке суреті бар, бұл таңбалы тас «Қаракезең –ІІ» деген атауға ие болды. Мұнан соң «Қаракезең -І» галереясындағы 4 тақта, 6 фрагмент археологтың бағасын алды. Мұнда қола, ерте темір, неолит кездеріндегі суреттер кезең-кезеңімен сипатталынды.
Көкпекті өзені бойындағы Омбы-Майқапшағай тасжолының сол жағында 9 шақырымындағы сақ қорғандарының жалпы саны 27 болды. Жазықты басында Жомарт батыр мен Кегенбай би мавзолейлері тұр. Оларда сақ қорғандарының үстіне қойылған екен.
Екі күнге созылған экспедиция туралы Кokpekti» журналында толық жазамыз.

Қайрат БЕСБАЙЫС

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз