Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының бас-ты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше. Ертеде кең тараған қойдың қолтұқымдары етті - майлы бағытта өсірілген. Тарихи деректер бойынша Қазақстанның әрбір табиғи аймақтарын бейімделіп, қолтұқымдар өсірілген. Халықтық сұрыптау арқылы шығарылған қолтұқымдарға - еділбай, баданалы, ырғыз, сарысу, қарқаралы қойлары жатады. Осы саланың Көкпекті ауданы бойынша қалай дамып келе жатқаны туралы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ерлан Қабайұлы Қалдыбаев әңгімелеп берді:
- Қой шаруашылығы - тарихи қалыптасқан, дәстүрлі сала, халықтың өмірі мен әл-ауқаты онымен байланысты және ол әрдайым оған үлкен мән беріп отыр. Ежелден бері Көкпекті ауданының тұрғындары қой шаруашылығымен айналысады. Бірақ, 2018 жылдың 1 қаңтарында қойлардың саны 66 043 басты құрайды, ал 2017 жылдың 1 қаңтарында 91 мың 604 бас бар. Бір жыл ішінде қойдың саны 25 мың 561 басқа азайды.

 

- Қой санының күрт түсуіне қандай жағдайлар себеп болды?
- Біріншіден, жайылым мәселесі және ауа райы жағдайлары. Мысалы, Абай немесе Тарбағатай аймақтарын алатын болсақ, онда қыс мезгілі 2-3 ай болады, ал біздің 6 ай боранды, қарлы қысымызға аша тұяқтылар шыдамайды. Және экономикалық тұрғыдан алып қарасақ та тиімділігі аз. Екіншіден, сарып ауруының пайда болуы. Аудандағы Бастаушы, Биғаш және Көкжайық ауылдық округтерінде қойлар сарып ауруына шалдыққан. Бастаушы және Көкжайық ауылдық округтерінде жылдың басында 4299 бас қой саны 1629 басқа азайды. Ал, Биғаш ауылдық округінде қой санының азаюы ауыл тұрғындарының көшіп кетуіне байланысты болды. Онда қалған тұрғындардың басым көпшілігі ірі қара мал ұстауды жөн көреді. Самар аймағындағы округтердегі қой санының азаюы жемшөп болмауына байланысты.

- Бұл жағдайлардан шығып, қой басын өсірудің қандай жолдары бар?
- Біз, бұл жағдайды жақсартудың жолдарын табуымыз керек. Қой шаруашылығын дамытуда қолданысқа енген бағдарламаларының бірі - «Жайлау», «Ертіс ӘКК ҰК» АҚ енгізген. Бұл бағдарлама ауылдағы мал шаруашылығын дамытуға және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған, бұл ауыл тұрғындарын шағын малды өсіруге және сатуға арналған қойлармен қамтамасыз ету. Бағдарламада ауыл тұрғындарына қой өсіру үшін 100 бас қойын жалға беру қарастырылған.

- Осы бағдарламаны жүзеге асыруда аудан тұрғындары қатысты ма?
- Аталмыш бағдарламаны ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдармен комиссия құрылады және олардың шешімімен бағдарламаның Операторы анықталады. Одан кейін, ол «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ Оператормен бірлескен қызмет туралы, қойларды сатып алу және сату туралы жеткізушімен келісімдер жасайды және оператордың арнайы ашылған шотына ақшаны төлеу үшін негіз болады. Біздің ауданда бағдарламаның комиссиясының шешімімен оператор болып «Жолан» ШҚ басшысы Еркін Бүлембаевты тағайындады.
- Мал шаруашылығының және ауыл шаруашы-лығының дамуына қандай басқа бағдарламалар әсер етуі мүмкін?
- Бизнеспен айналысуды қалайтын адам үшін мемлекет бүгінгі күні оларды толық қамтамасыз еткен. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2016 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметі № 919 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» бағдарламасын бекітті. Жаңа бағдарламаның негізгі мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және басқа да адамдарды түрлі салалардағы мәселелерді шешуде біліктілігінсіз өнімді жұмысқа тарту. Осылайша, тығыз қарым-қатынаста бола алатын бағдарламаларды жүзеге асыру өңірдегі мал шаруашылығын жылдам дамытуды және бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ елдегі ауылдық тауар өндірушілер үшін қажетті өнімдерді өндіру мен сатуды басқаруға және бақылауға арналған құрылымдарды құрады.
- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз