Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ынтымақ пен ырыстың, татулық пен бірліктің мерекесін Көкпекті ауданының тұрғындары Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің алаңында атап өтті. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері Қазақстан деген киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын шаттана тойлайды.
Мерекеге орай аудандағы мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерінің мерекелік шеруі өтті. Елді береке-бірлікке, ынты-мақ пен татулыққа шақыратын іс-шараға ауыл тұрғындары да қатысты. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов барша аудан тұрғындарын бірлік күнімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.


- Құрметті жерлестер, Қазақстан халқының бірлігі күні мере-кесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы болып табылады. Бүгінгі күні елімізде 130 дан аса ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Сіздерге шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбастарыңызға аманшылық пен шаттық тілеймін! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін, - деді Марат Қапарұлы.
Бүгінде елімізде тұрақтаған әр ұлт өкіліне төл салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, өз мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, ана тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Шеруге қатысушыларды ауданда тұратын татар ұлты өкілдерінің атынан «Туған як моннары» татар ұлттық-қоғамдық бірлестінің мүшесі Зухра Калиева және ардагер ұстаз Галина Орсаева бүгінгі мерекемен құттықтап, игі тілектерін білдірді. Ал, орыс ұлты өкілдерінің атынан медицина саласының ардагері, «Інжу-Маржан» әжелер ансамблінің мүшесі Г.Скударнова құттықтау сөз айтты. Галина Ивановна өз сөзінде:
- Егемен еліміздің бағындырған барлық белестері, жеткен жетістіктері, шыққан шыңдары - осы бірлікпен келіп отыр. Барлық этно-мәдени бірлестіктерге өз дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне жағдай жасалады. Бүгінде, ынтымағы ырысқа жалғасқан аудан экономикасы, мәдени, әлеуметтік салалары қарқынды дамып келеді. Әртүрлі халықтың тағдырын тоғыстырған, тұтастығын сақтаған Қазақстан жасай берсін! Тілегіміз - тыныштық пен татулық болсын. Баршаңызға зор табыс тілеймін! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, ізгілікті істеріңіз береке мен ырысқа толсын, - деген лебізін білдірді.
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шара аудан өнерпаздарының қатысуымен ән шырқалып, би биленген көңілді концертпен жалғасты.
Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

ШОЛПАН НҰРҒАЛЫМОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз