Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында әртүрлі ұлт өкілі бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруде. Бүгінде бірлігі жарасқан берекелі ауданның халқы ұлтқа бөлінбей бір-бірімен біте қайнасып кеткен. Тіпті құдандалы болып, әрбірі әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін жаңғыртып отыр. Әр ұлттың салт-дәстүрін ұстанып, барлық рәсімдерін жаңартып, өзгелерге үлгі болып отырған осындай көп ұлтты отбасылардың бірі Көкпекті ауылындағы Кулекеновтар әулеті.


Отағасы Темірғали ата осыдан 52 жыл бұрын орыс қызы Нинаға ғашық болып, шаңырақ көтереді. Екі ғашық содан бері бірге. Бүгінде үбірлі-шүбірлі болып, 21 немеренің, 5 шөберенің сүйікті атасы мен әжесі атанып отыр. Мереке қарсаңында біз осы шаңыраққа бас сұғып, сұхбаттасып қайттық.
Тату-тәтті өмір сүріп жатқан отбасы 6 бала тәрбиелеп өсірген. Үлкен қызы Ғалия және күйеу баласы Фирхат татар ұлтынан, ұлы Мұрат пен келіні Майра қазақ қызы, үшінші перзенттері Елена мен күйеу баласы Талғаттың ұлты татар болса, Надия қызының жолдасы Сергей украина ұлтының жігіті, ал Әлияның жолдасы Дмитрий неміс ұлтының азаматы. Бүгінде шаңырақтың кенжесі Болат қазіргі сәтте орыс қызы Оксанамен шаңырақ көтеріп отыр. Осы ауылда туып-өскен бұлар жергілікті халықпен сіңісіп, ел игілігі жолында еңбек етуде. Әке мен ананың ұлағатын тыңдап өскен олар үшін отбасы құндылығы бірінші орында.
– Біздің шаңырақта береке мен бірлік бұлжымас қағида. Түрлі ұлттан болсақ та ешқандай түсінбеушілік болған емес. Дәстүрлерімізде ұқсастықтар бар. Бөліп-жармай барлығын да атап өтеміз. Ұлттың түрлі болуы татулыққа еш кедергі келтірмейді. Ең бастысы, бір-бірімізге деген сыйластық болса болғаны, - дейді Нина апай.
Отандарын Қазақстан деп білетін олар мемлекеттік тілді білу елімізде тұратын әрбір азаматтың міндеті деп санайды.
Өзге ұлт болса да қазақылықты бойларына сіңіріп, тіліміздің шұрайлылығын сөз еткен отбасының бүгінгі келбетін көргенде бір марқайып қаласың. Қалай десек те, қазақ халқы секілді кеңпейіл шаңырақтың татулығы көпке үлгі боларлықтай
Жанұя қоғамның ең маңызды құрылымы екені баршамызға белгілі. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсінік қаншалықты мықты болса, қоғамның діңгегі де соншалықты берік болары сөзсіз. Ендеше, 52 жылдан бері жұптары жазылмай келе жатқан Темірғали ата мен Нина апамыздың шаңырағынан шаттық кетпесін дейміз.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз