Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Дархан даламызға азаттық пен теңдік, ынтымақ пен бірлік нұрын әкелген Тәуелсіздік - әр қазақстандық үшін қасиетті ұғым. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз – Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары.
Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі саналатын тәуелсіздіктің 26 жылдық мерекесі Көкпекті ауданында да жоғары деңгейде аталып өтілді. Түрлі мерекелік іс-шаралармен қатар, 14 желтоқсан күні Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын болып өтті. Лайықты безендірілген сахна шымылдығын мәдениет үйінің ұлттық оркестрі өзінің күмбірлеген күйімен ашты. Домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптардың көмейінен төгілген күй сарайы жиналған қауымға бірден мерекелік көңіл-күйді сезіндірді. Осының соңын ала тәуелсіздіктің нышаны – Әнұран асқақтады. Алғашқы құттықтау сөз кезегі аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлы Сағандықовқа беріліп, ол өз кезегінде барлық жиналған қауымды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтай келе, егемендіктің 26 жылы ішінде барша республикамызда және Көкпекті ауданында қол жеткізілген жемісті жетістіктер жайлы айтып өтті.


- Біздің ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша қорғаған осынау ұлан-байтақ өлкеде жеке дербес мемлекетіміз болған жоқ. Сондықтан олар осы күнді армандаумен, аңсаумен өтті. Сол күнді халқымыздың бүгінгі ұрпағы көріп отыр. Бұл күн біз үшін ұлан асыр той. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде қазақ халқы көптеген елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтса, шекарасы шегеленіп, ата заңымыз Конституция қабылданды. Айбарлы Елтаңба, айбынды Ту, асқақ Әнұран бекітіліп, төл теңгеміз айналысқа енді. Тәуелсіздіктің символы – Астана қаласы бой көтерді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін нақты бағыт-бағдар көрсетіп, жасампаздықпен дамытып келеді. Барлықтарыңызды осындай бақытты күнмен шын жүректен құттықтаймын. Азаттық нұрын әкелген Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуілеріңізге тілектеспін, - деді аудан басшысы. Сондай-ақ, аудан әкімі Тәуелсіздіктің 26 жылдық мерекесіне орай, аудан дамуы жолында мінсіз әрі адал қызмет еткендігі мен аймақтық әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына қомақты үлес қосқандығы үшін Лариса Гебель (Самар ауылы Мәдениет үйінің режиссері), Шыңғыс Сыдықов (Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел уәкілі), Бахытжамал Карменова (Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі), Қуаныш Умаров (Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы), Әлия Мұқашева («Кәсіпкерлер палатасының» Көкпекті ауданы бойынша филиалының директоры), Гүлдрайхан Мұхамадиева («ДЭУ-29» басшысы), Оралхан Сеңгербаев (Кадастрлық бюроның басшысы), Самарқан Жотабаев («Қалисаттарұлы» ШҚ басшысы), Мадина Баймұратова (Ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы) және Көкпекті аудандық орталық ауруханасының хирургі Әмір Райымжановқа Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар, бұл күні Шығыс Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасымен Көкжайық ауылдық округі бас-тауыш ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі, Мамай ауылының тұрғыны Жақыпжан Садуақасов, Қазақстан Республикасы ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына арналған мерекелік медальмен Бастауыш ауылдық округі бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы Шахарбек Ғабитов және Қ.Аухадиев атындағы округтің бастауыш ардагерлер кеңесінің төрайымы Таисия Шнайдер, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Нұрилә Шалова марапатталды. Ал, Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру спорт басқармасы басшысының Алғыс хатын Көкпекті аудандық білім беру, дене шынықтыру спорт бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафинова алды.
Салтанатты жиында, Нұр Отан партиясы аудандық филиалына аудандық орталық ауруханасының жұмысшылары Қуаныш Жұмажанов, Шынар Омарова, Ғазиз Нұрболат, Мадина Әміртаева, Мөлдір Меделбекова қабылданды.
Аға ұрпақ өкілдері атынан сөз кезегін алған аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, медицина саласының ардагері Құмар Құнапиянов, жастар атынан құттықтау сөз кезегі АІІБ жергілікті полиция қызметінің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі учаскелік поиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Назерке Советханова жиналған қауымды атаулы мерекемен құттықтай келе, жиырма екі жыл ішіндегі талай игі өзгерістерді, жеткен жетістіктерді тілге тиек етті. Әрі қарай мейрам аудандық мәдениет үйі әртістері және Балалар өнер мектебі өнерпаздарының ұйымдастыруындағы әсем ән-күйден өрілген тамаша концерттік бағдарламаға ұласты

Шахарбек Ғабитов, Бас-таушы ауылдық округі бас-тауыш ардагерлер ұйымының төрағасы:
- Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні баршаңызға бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
Ерсін Байтұринов, Құлын-жон ауылдық округінің тұрғыны:
- Егемен еліміз 16 желтоқ-санда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына бар-лық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!
Гүлмира Қорабаева, Көк-пекті ауылының тұрғыны:
- Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбек-теріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегімізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, ны-ғая берсін!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз