Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Семей қаласында «Жайдарман» ойындарының аймақтық жоғарғы лигасы мәресіне жетті. Ақтық сынға жолдама алған жалғыз аудан Көкпектінің намысын қорғаған «Көкжайық құрамасы» жоғарғы лига чемпионы атағына қол жеткізді. «Біздің №1» атты ХVII облыстық жастар форумының аясында өткен финалдық ойынға облыстың 6 үздік жайдарман құрамасы қатысты.


Жыл бойы сайысқа түскен 15 команданың ішінен ақтық сынға дейін жеткен 6 құрама өзара чемпиондық атаққа таласып, ойын өте тартысты болды. Қатысушылар сәлемдесу, жамбы ату және үй тапсырмасы кезеңдері бойынша сайысты. Шын мықты ғана әр кезеңде жоғарғы бағаға ие болып отырды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша тарихта алғаш рет ақтық сында 2 бірдей құрама чемпион деп танылды. Бұл – семейлік «Шатыр» және көкпектілік «Көкжайық құрамасы».
Тағы бір жағымды жаңалық құрама мүшесі Ерлан Сиғбатоллаевтың ақтық сын ойындары қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» аталымында жеңімпаз деп танылуы болды. Сонымен бірге, көрерменді саналы әзілімен тәнті еткен құраманың әрбір мүшесін жеке-жеке атап өтуге тұрарлық. 2017 жылғы Семей қалалық «Жайдарман» жоғарғы лигасының чемпиондары – Еркін Байсейітов, Ермек Аздарханов, Қуаныш Төлегенов, Дінмұхаммед Сафиоллаев, Ринат Құмарбеков және Ерлан Сағбатоллаев.
ШҚО ішкі саясат басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өтетін дәстүрлі жастар форумы биыл Семей қаласында өтті. ШҚО-ның 1000-ға жуық белсенді жасының басын біріктірген айтулы шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре-зиденті күніне орай өткізілді. Қалалар мен аудандардағы жас-тар орталықтары директорлары мен белсенді жастары, жастар мәслихаты хатшылары бас қосқан форум 3 күнге созылды. ШҚО-да биыл тұңғыш рет сайланған жас-тар мәслихаты депутаттары да аталған шарадан қалыс қалған жоқ. Семинар жұмысында ШҚО ішкі сая-сат басқарма басшысының орынбасары Серік Жеңісов пен Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев және ШҚО ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы директоры Арайлым Есімбекова да қатысты.
Форум аясында «ШҚО жас-тар ресурстық орталықтарының жұмысын стандарттау», «Жастар көшбасшыларының кейсі» және «Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік пен этика» тақырыптарында семинар-тренинг өтіп, жастар өзара пікір алмасты.
Сондай-ақ «Шығыс мақтаныштарының шыққан шыңы» тақырыбында «Дастан» кинотеатрының ғимаратында саясаттанушы Саясат Нұрбек, ақын Қалқаман Сарин және Қазақстан жастарының конгресі директоры Айдын Сәбитовпен TEDx форматында еркін кездесу ұйымдастырылды. «Тайқазан» мейрамханасында облыс аума-ғындағы түрлі салада қызмет атқаратын 150-ден астам жұптың қатысуымен салтанатты кеш өтіп, белсенді жастар ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің дәстүрлі «Жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығының 7 аталымы бойынша марапатталған болатын.
Мемлекеттік жастар саясатын жүйелі іске асыру жұмысына белсене қатысып, өзін білікті маман ретінде көрсете білгені үшін аудандық жастар орталығының директоры Азамат Халыков Дін істері және азаматтық қоғам Министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. Жастардың оң азаматтық көзқарасын қалыптастыруда, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мен шығармашылық дамуына қосқан үлесі үшін «Көкжайық жастар кеңесі» облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың алғыс хатына ие болды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз