Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақ елінің мақтанышы, қасиетті Абай топырағында дүниеге келген, қазақ күре-сінен тұңғыш төрт дүркін әлем чемпионы Айбек Нұғымаров ауданымыздағы бірлігі мен берекесі жарасқан Тассай ауылына ат басын тіреді.
22 қараша тассайлықтар үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Ауылдың үлкен-кішісі жиналып, ұлылар елінің ұланы Айбек Нұғымаровты құшақ жая қарсы алды. Балуан жерлесімізді Тассай ауылының М.Әуезов атындағы білім ордасында шашу шашылып, мектеп оқушыларының орындауында патриоттық тақырыптағы флеш-моб биімен қарсы алды.
Салтанатты кездесудің қадірменді қонақтары ШҚО бойынша қазақ күресі феде-рациясының вице-президенті Амантай Қазымов, Үздік спортшы, атақты бапкер болып жүрген елағасы Серік Қоржыкенов, Тассай ауылының тумасы, Көкпекті ауданының Құрметті азаматы, бүгінгі шараның өтуіне мұрындық болған, туған жеріне қайта оралып, туын тігіп, шаруасын ширатып жүрген «Қалиқанұлы» ШҚ басшысы Марат Қаликов, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, самбо және қазақ күресінен спорт шебері Қайрат Чармұхамедов, Семей қаласының самбо федерациясының Президенті, спорт ардагері Пармен Иманханов, самбо күресінің спорт шебері, спорт ардагері Серік Тлебалдин болды.


Бүгінгі кездесудің ерекше қонағы аңыз бен жырға толы Абай елінің тумасы, қаршадайынан тұғырластарынан, қатар құрбыларының көпші-лігінен оқ бойы озық тұрған, Шыңғыстаудан бас-тау алған қара жолмен биіктерге алқынбай бара жатқан мақтан тұтар ұлымыз Айбек Нұғымаров. М.Әуезов атындағы ОМ акт залында ине шаншар жер жоқ. Ауылдық округтерден Айбектің ізбасарлары, болашақ палуандар жиналған. Кездесудің жүргізушісі Мақпал Қапасова батыр балуан туралы, бейнетаспамен таныстырып, келген қонақтармен әңгіме-сұхбатты жоғары деңгейде жүргізді. Сондай-ақ, оқушылар тарапынан Айбек ағаларына көптеген сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Келген қонақтарға Көкпекті ауданы әкімі Рамиль Нығметжанұлы Сағандықовтың жылы лебізін әкімнің орынбасары Марат Теміржанов жеткізді: - Қадірменді жиналған қауым, құрметті бүгінгі іс шараның қонақтары және құрметті Айбек Серікболұлы, киелі Көкпекті жеріне қош келдіңіздер! Бүгін баршамыз осы Тассай ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 жаңа есім», «Тәрбие және білім» жобалары аясында «Қазақстан барысы», «Азия барысы» турнирлерінің жеңімпазы, Әлем чемпионы, Азия чемпионы атақты палуан Айбек Нұғымаровпен кездесуге жиналып отырмыз. Осы іс-шара жас бүлдіршендерімізге, жастарымызға бір жақсы тәрбие беріп, жас спортшыларымызды жігерлендіріп, патриоттық сезімдерін оятады деген ойдамын, - деді Марат Қапарұлы.
Кездесу аталмыш мектептің спорт залында Көкпекті ауылдық округтерінен келген жас спортшылардың боз кілемнің үстіндегі белдесуімен ұласты. Жарыстың нәтижесі төмендегідей болды. І-орынды Е.Болатбек, Ә.Мауітбеков, Ә.Әділғазинов, Р.Ахатов, Т.Ке-ңесов, Д.Асырандинов (тассайлықтар), О.Айт-қалиев, Р.Рахметов, С.Базаров, А.Заманбек (үлкенбөкендіктер) және Н.Тұрсынов алса, ІІ-орынға Көкжайық ауылынан Е.Зарылқанов, Ә.Сейітқалым, М.Есенов, С.Қабдырәлиев, көкпектілік С.Тасқайратов, Е.Байсейітов, З.Нұр-ланұлы, Үлкенбөкеннен Ә.Қизайбай, А.Рустимов, тассайлық Р.Несиетов, С.Мейіржанов және Биғаштан Ә.Сейітов, Т.Сиқымбай алды. ІІІ-орынға Биғаштан М.Кеңесханов, М.Әңкебаев, С.Төлеуғазы, Нұрасыл Серікқан, Ұлан Есімхан, Преображенка ауылынан Р.Хазимов, А.Жұмағазин, Ә.Ескеалмасов, Ә.Жанабеков, Көкжайықтан Мираш Медет, М.Айтмұхамбетов, Ә.Құмаров, Ә.Изалиев, үлкенбөкендік Е.Жұмабаев, Асылбек Нұрасыл, М.Биғалиев, Е.Жұмабаев, тассайлық А.Қаптағаев, Қуаныш Мәди, Ахметбек Мәди, Е.Мирамов, Ерлік Қабыкен, Е. Ғабдулмүталапов алды. Барлық жеңімпаздар мадақтама қағаз-дармен мадақталды.
Жарыстан соң, ауылдық округтің мәдениет үйіндегі Көкпекті аудандық мәдениет үйі және Тассай ауылының жездаңдай әншілерінің шырқата салған әсем әні бүгінгі күнге нәр берді. Концерттік бағдарламаның соңында «Қалиханұлы» ШҚ басшысы Марат Қаликов марапаттау рәсімін өткізді. Барлық қонақтарға қонақкәде жасалды. Сонымен қатар, бұл күні жерлесіміз, самбо күресінің спорт шебері, спорт ардагері Серік Тлебалдин ШҚО «Қазақ күресі» федарациясының мүшелігіне қабылданып, Көкпекті ауданы «Қазақ күресі» федерациясының президенті болды. Ал, ЖПБ-29 басшысы Гүлрайхан Мұхамадиева «Сіңірген еңбегі үшін орденін» төсіне тақты және «Білімдегі ең үздіктер», «Ең үздік адамдар» атты Халықаралық энциклопедия редакциясының Халықаралық сараптамалық кеңес пре-зидиумының ұсынысымен «Даңқ галереясы» І-дәрежелі дипломымен марапатталды. Дүбірлі шараны ұйымдастырушы Тассай округі әкімшілігі аудан кәсіпкерлері мен ШҚ басшыларына қолдау жасағандары үшін алғыс айтады. Салтанатты рәсімнен соң келген конақтарға «Әли» тойханасында дастарқан жайылып, Айбек жерлесімізге арналған сұлу сазды әндер мен жылы лебіздер айтылды.
Егемендік жылдарында қазақ күресі қарыштап дамып, жетістіктер еселеніп келеді. Бұл жетістіктер осындай спортты жандарына серік еткен Айбек сынды жігерлі ұлдарымыздың арқасы. Тассайда өткен бір күндік тағылымы мол кездесу өскелең ұрпаққа көп әсерін тигізгені сөзсіз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз