Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Біз туған жер, туған елдің қадір-қасиетін жоғары бағалайтын, ел мәртебесін биік ұстаған азаматтарымызды құрметтей білетін елміз. Сондай қадірлі азаматтарымыздың бірі – Тоқан Жақияұлы Шайжүнісов. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына жерлесімізді лайықты тұлға деп есептейміз.

 

Тоқан Жақияұлы «Казгипроцветмет» ЖШС-нің президенті, Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген құрылысшысы. Көптеген жылдар бойы К.Раев атындағы балалар үйі мен Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепке материалдық көмек көрсетіп келеді. Өскемен қаласының, Көкпекті ауданының «Құрметті азаматы». «Құрмет» орденімен, еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен, «Еңбек үздігі үшін» медалімен марапатталды, ал қайырымдылық қызметі үшін үш мәрте «Жыл адамы» атағына ие болды. Осы уақытқа дейін Тоқан Жақияұлы мектепке 1500000 теңгенің көлемінде қаржылай көмек көрсеткен. Жыл сайын мектепті спорттық жабдықтармен қамтамасыз етіп демеушілік жасап отырады. Аталған жобаға лайықты екінші тұлға көкпектілік жас шебер, көпке үлгі болар жан - Жабекова Жанна Берікбекқызы. Басына түскен қиындыққа мойымай, өзінің еңбекқорлығымен, ізденім-паздылығымен, табандылығымен кәсібін өрге домалатып отырған азаматшамыздың бірі. Жанна - он саусағынан өнер тамған, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған жас кәсіпкер. Тоқан Жақияұлы және Жанна Берікбекқызының еңбектері көкпектіліктер үшін үлкен үлгі болары сөзсіз.
Біз, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің ұжымы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына осы азаматтарымыздың енуін қолдаймыз. Ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғалардың бірі болса деп санаймыз. Сондықтан бүкіл көкпектіліктерді, жерлестерімізді Тоқан Жақияұлы мен Жанна Берікбекқызын қолдауға шақырамыз.

Ж.Шайжүнісов атындағы
орта мектептің ұжымы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз