Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шұғылбай ауылдық округіне қарасты берекесі мен мерекесі тарқамаған шағын Мелитополь ауылында да жылдағы дәстүр бо-йынша тұрғындар жиналып, өз алдына тасаттық садақасын берді.
«Ынтымақты елге бақ тұрар» дейді халық даналығы. Сол айтқандай мелитопольдіктер ауызбіршілігі мықты, сүттей ұйыған ауыл. Өткен жексенбіде осы елді мекен тұрғындары жасы да жасамысы да қалмай тасаттық рәсімін жасады.
Аталмыш рәсім «Қажымұқан» шаруа қожалығының бастамасымен берілді. Осы тұста ШҚ басшысы Жәлел Байназаровтың ауылына деген ерекше патриоттық сезімін айта кетпесе болмайды. Жәлел Қажымұқанұлы ауылда өтетін кез-келген шараға қол ұшын беріп, атсалысып жүреді. Жиынға ауыл имамы Өмір Рақымжанов қатысты. Ауыл имамы жиналғандарға тасаттықтың мән мағынасын айтып берді.
Бір Аллаһқа сыйынып, елдің бірлігін сақтап, ауызбіршілік, ынтымақ танытып жатқан ауыл тұрғындары Алланың нығыметіне бөленсін дейміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз