Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметті ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі еңбеккерлері, құрметті сала ардагерлері!
Бүгін біз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жермен, мал өсірумен, өсімдік шаруашылығын дамытумен айналысып және еңбек етіп жүрген азаматтардың төл мерекесін атап өтудеміз.
Сiздер қажырлы еңбектерiңiзбен ел экономикасын дамытумен қатар, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да қомақты үлес қосып келесiздер. Алда келе жатқан Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне жасаған бұл табыстарыңызды жоғары бағалаймыз! Әрқайсыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке мен бірлік және еліміз Қазақстан Республикасының игілігі жолында жаңа табыстарға жете берулеріңізді тiлеймiз! Кез келген мемлекеттің ең басты құн-дылығы - жер, осы жер төсінде еңбек еткен ауылшаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі қай кезеңде болмасын аса құнды және қажетті болып келеді.

 Ауыл еңбеккерлерінің кәсіптік шеберлігі, төзімділігі, қажыр-қайраты мен жауапкершілігі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірден-бір алғышарты екендігі белгілі. Бүгінде елімізде агробизнесті өрістетуге, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, мал басын көбейтіп, ветеринария саласын өркендетуге байланысты көптеген игі бастамалар қолға алынған.
Егіс алқаптарында күні-түні қажырлы еңбек еткен Көкпекті ауданының диқандары да ел қамбасына молынан алтын дән құйып, елеулі үлестерін қосып отыр. Осындай жоғары көрсеткіштерге біздің диқаншылар, ауыл шаруашылығы кәсіпорын-дарының механизаторлары, комбайыншылары, жүргізушілері, басшылары мен мамандары үлкен шеберліктің, аянбай төккен тердің және ауыл шаруашылығы саласындағы зор мүмкіндіктердің арқасында қол жеткізіп отыр.
Ауданның барлық ауыл шаруашылығы қызмет-керлеріне, еңбек ардагерлеріне еңбектеріңіздің арқасында жеткен жетістіктеріңіз үшін алғы-сымызды білдіреміз. Шын жүректен сіздерге және туған-туысқандарыңызға мықты денсаулық, отба-сыларыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз.

Р.Сағандықов, аудан әкімі
Т.Сарманов,
аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз