Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта. Биыл ширек ғасырлық мерейтойын атағалы отырған еліміз өз валютасымен шын мәнінде мақтана алады. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.


Ұлттық валюта Елбасының 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 15 қараша күні та-ңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізіліп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді. Биыл теңгеміздің айналымға шыққанына 23 жыл толып отыр. Төл теңгеміз тек өз еліміздің экономикасын ғана емес, көрші жатқан елдің экономикасына да үлесін қосты. Одан түскен пайда елге оралып экономикамыздың дамуына, халықтың тұрмысын жақсартуға жұмсалуда. Теңге - біздің дербес ел екендігіміздің белгісі . Басқаның валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
«Тиыннан теңге құралады», - демекші, біздің төл теңгеміздің еліміздің экономика саласында еркін қолданылуына ықпал етіп, өз еңбектерін сіңіріп жүрген қаржы саласының еңбеккерлері де 15-қарашада кәсіби мерекелерін атайды.
Құрметті жерлестер, қаржы саласының еңбеккерлері, сіздерді төл теңгеміз бен қаржыгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, береке-байлық тілейміз, Тәуелсіз еліміздің өз құндылықтары қашанда жоғары орындағы тұғырынан түспесін!


Р.Сағындықов, аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз