Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жедел-құтқару қызметтеріне оңай жатталып, тез терілетін телефон нөмірлері берілген. Солардың ішінде өрт сөндіру қызметі «101» (бұрынғы «01») болып бірінші тұр. Бұл демде лаулап, дес бермей кететін қызыл жалынның қауіптілігін ғана емес, өмірі өрт өтінде жүретін жандардың жұмысы қаншалықты қиын екендігін де айғақтаса керек.

Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін.

Өрт сөндіруші мамандығы – өте маңызды және қауіпті. Өрттерді шебер әрі тез сөндіру үшін, ержүрек адам болу кемшілік етеді, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт сөндіру техникасын және отпен күресу амалдарын білу қажет. Өрт сөндіруші епті әрі күшті болуы міндет. Ол үшін олар спортпен шұғылдануға үлкен назар аударады, жаттығу барысында өрт сөндіруде қолданылатын арнайы тәсілдер мен жаттығуларды шынықтырады. Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекел етеді, өзіне қауіп төндіреді. 

Құтқарушы мамандығында қызмет атқаратын қызметкер міндетті түрде ер жүректі, төзімді, физикалық тұрғыдан дайын, сонымен қатар теориялық білімі мен өртпен күресуде практикалық дағдысы болуы керек. Бұл қасиеттердің барлығын Көкпекті ауданы Төтенше жағдайлар бөліміндегі азаматтық қорғаныс прапорщигі Бауыржан Слямбековтың бойынан көруге болады. Оның бала кезіндегі арманы өрт сөндіруші болу және ағасы Қалқаманға еліктеп, адамдарды қауіп-қатерден арашалау болатын.
Өзінің сүйікті мамандығында қызмет атқарып келе жатқанына 20 жыл болыпты. Қызмет атқару кезінде өзін кәсіби сауатты және жауапкершілігі мол қызметкер ретінде танытты. Бауыржан тәжірибелі қызметкер ретінде жас қызметкерлерді өздерінің кәсібін құрметтеуге, өрт сөндіру техникасына, құралдарына және бөлім теңгеріміндегі мүліктерге ұқыпты қарауға үйретеді. Қарамағындағы қызметкерлерге ізетті, кішіпейіл. Ерлігі және қаһармандығының дәлелі оның кеудесінде тағылған орден, медальдары және ерен еңбегі үшін облыс, аудан атынан берілген марапаттары. Қазіргі таңда Бауыржан еңбек демалысына шығып, жары Айша екеуі 3 бала тәрбиелеп отырған бақытты отбасының отағасы.
Өрт сөндіруші нағыз ерлер-дің мамандығы саналады. Үміт-кер азаматтарға қойылатын талап та жоғары. Қызметке жасы 18-32 жас аралығындағы тепсе темір үзетін, денсаулығында ешқандай кінәраты жоқ жастар алынады. Осындай талапқа сай жігіттердің бірі жас маман Шыңғыс Зейнуллин. Ол ең қауіпті мамандықты таңдап, Бауыржандай ағаларының ізін басып жүрген інілерінің бірі. Шыңғыс 2014 Семей қала-сындағы Евразиялық техникумды аяқтаған соң, 2015 жылы әскери борышын өтеп келді. Қазіргі таңда осы бөлімшеде еңбек етуде. Жетекшісі Нұржан Әбілмажиновтың біліктілігімен мамандықтың қыр-сырын меңгеруде.
Нағыз өрт сөндіруші шаршауды әрі «қолымнан келмейді» деген сөзді білмейді. Тәуліктің кез-келген уақытында, тіпті, аптап ыстық пен қақаған аязда ол отқа да, суға да түседі. Осылайша, жүктелген жауапкершілікті арқалаған жандар үшін құтқару, көмектесу деген мақсат күн сайын бірінші орында тұрады.
Өрт сөндірушінің жұмысы оңай емес. Олардың қызметі әлемдегі ең ауыр, күрделі мамандықтардың бірінен саналады. Лауазымдарының өрт сөндіруші-құтқарушы болып өзгеруі де тегін емес. Олардың жұмысы ерлікпен пара-пар. Өз өмірін қауіп-қатерге тіге жүріп, өзгенің өмірін арашалап қалатын жандар қызыл жалын тұтанған сайын ерлік жасайды. Өрт сөндіруші сөзі абырой, батырлық, өжеттілік сөздерімен қатар естіледі.
Иә, өрт сөндіру сынды жауапты да қатерлі жұмыстарында жүрген ұжым мүшелерінің еңбегі қай жақтан болса да құрметке лайық. Халық «Өрт- тілсіз жау» деп тегін айтпаған. 19 қазан - Құтқарушылар күні ретінде өрт сөндіру мамандарының кәсіби күні болып белгіленген. Бірі білсе, бірі білмейтін бұл атаулы күннің маңыздылығы зор. Өмір мен өлімнің арасында жүріп, ел үшін ерен еңбек сіңіріп жүрген азаматтар мақтан етуге тұрарлық.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз