Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Нұр Отан» партиясының Көкпекті аудандық филиалында 13 бастауыш партия ұйымы бар. Ауданда бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының науқаны басталды. Ең алдымен «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының №1 Көкпекті сайлау округі бастауыш партия ұйымы төра-ғасының есебі тыңдалды.
Көкпекті аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында бас қосқан партияның белсенді мүшелері мен мектеп ұстаздарының алдында «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы №1 Көкпекті сайлау округі бастауыш партия ұйымының төрағасы, Көкпекті орта мектебінің директоры Аслан Танысбаев баяндама жасады. Елбасының білім саласына қолдау көрсетіп отырғанын және зор міндеттер жүктегенін атап өткен Аслан Балабекұлы партиялық жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасады.


- №1 Көкпекті сайлау округі бастауыш партия ұйымы 2015-2016 жылдары 9 партиялық жобалар негізінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді. Әр партиялық жобаның өзектілігі басты назарда ұсталынып, тиісті іс-шаралармен жалғасын тапты. Жалпы партия мүшелерінің саны 336, партиялық топтар саны – 20. Сапалық құрамы бойынша 30 жасқа дейінгілері - 60, 30-40 жас аралығында - 85, 40-50 жас аралығы - 80, 50-60 жас аралығы - 75, 60 жастан асқан 36 адам бар. Білім бойынша жоғары білімді - 207, орта кәсіби – 101, орта білімді - 28 адам.
Партиялық топтар және партия мүшелерінің қатысуымен бірнеше ауқымды іс-шаралар өтті. Атап айтсам, «Кедергісіз келешек» партиялық жоба негізінде бастауыш партия ұйымы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кештер ұйымдастырып, көмекке мұқтаж жандарға материалдық көмек көрсетті. Бұған дәлел, Ш.Мәдиева және М.Мадинова басқарып отырған партиялық топтардың жүргізген жұмысы. Ал, «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы негізінде мектеп ұстаздарының және оқушылардың ұйымдастыруымен өткен «Қарттарым - асыл қазынам» кездесулеріне демеушілік көмектер жасалды. Сондай-ақ, ардагерлермен, мектеп түлектерімен кездесу сияқты әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Бұл орайда С.Бекова, Қ.Жүнісбеков басқарып отырған ұжымдардағы партиялық топтардың жұмысын атап өтуге болады, - деді өз сөзінде Аслан Балабекұлы.
Жеткен жетістіктерін баяндаған бастауыш партия ұйымының төрағасы алдағы уақытта жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға бар күш-жігер салынатынын атап өтті.
Сонымен қатар, жиында сөз алған №1 Көкпекті сайлау округі бойынша мәслихат депутаты Дархан Дюсембаев та атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттері жайлы тілге тиек етті.
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауы мен «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» Стратегиялық бағдарламасы менің сайлауалды бағдарламамның негізі болып алын-ған еді.
«Нұр Отан» партиясы фрак-циясының мүшесі ретінде партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға барынша белсене қатысып келемін.
Сайлаушылармен ұдайы кезде-сіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, барынша оң шешім табылуына күш саламын деп уәде еткен едім. Депутаттық жұмысымның барысында өз көзқарасымды барынша қорғап, сайлаушылардың мүддесін басшылыққа ала отырып еңбек етіп, тұрғындар алдындағы міндетімді жауапкершілікпен орындауға тырысып келемін. Осы аралықта «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында 2 қабылдау өткізіп, өзімнің жеке қабылдауымда 27 тұрғынның ауызша және жазбаша өтініш-арыздарымен таныстым. Танысып қана қоймай, онда қозғалған мәселелерді жауапты органдарға жеткізіп, тиісті деңгейге көтеріп келемін.
Жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу мәселесі де назардан тыс қалмады. Білім беру және дене шынықтыру бөлімімен бірлесіп, аудан орталығына дене шынықтыру, сауықтыру кешенін салу мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілді. Жобалау сметалық құжаттар жасалып, ол облыста қорғалды және 2019 жылдың бюджетіне отырғызылды.
Сонымен қатар, шілде және тамыз айларында мектеп оқушылары арасында өткен футбол жарысының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттауға демеушілік жасалды. Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің дарынды оқушысы Дастан Алатаевтың облыстық футбол академиясына өту жаттығуларына қатысудың жол шығыны бойынша көмек көрсетіліп, Көкпекті ауданы атынан облыстық сайыстарға қатысып жүрген «Көкжайық құрамасы» КВН тобына тұрақты қаржылай көмек жасалады.
Алдағы уақытта жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып, аудан көлемінде туындаған мәселелерді уақытылы шешу, сайлауалды бағдар-ламадағы мақсаттарды орындау, аудан халқының тұрмыс деңгейін одан әрі жақсарту бағытында жұмыс жалғаса беретін болады, - деп сөзін аяқтады халық қалаулысы Дархан Бердібекұлы.
Жарыссөзге шыққан Аудандық ардагерлер ұйымының және Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Мұқашев №1 Көкпекті сайлау округі бастауыш партия ұйымының төрағасы Аслан Танысбаевтың жұмысына оң баға берді.
Жиын соңында «Нұр Отан» партиясының Жарғысына сәйкес және партияның саясатын жүзеге асыру мақсатында №1 Көкпекті сайлау округі бастауыш партия ұйымының қаулысы қабылданды.
Жиынды қорытындылаған хатшы Х.Мұқатаева ортаға салған мәселелер қарастырылатынын айтып, келген азаматтарға алғысын білдірді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз