Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1 қазан - Халықаралық қарттар мерекесі

Қадiрлi соғыс және еңбек ардагерлерi,
зейнеткерлер!

Жыл сайын 1 қазанда әлемдiк қауым-дастық Халықаралық қарттар күнiн атап өтедi. Бұл мереке аға буын өкілдерін құрметтейтiн, ардагерлерге қамқорлық танытатын мереке болып саналады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың парасатты, сали-қалы басшылығымен жүргiзiлiп жатқан мемлекеттiк саясаттың арқасында Қа-зақстанда ардагерлердiң жақсы өмiр сү-руiне көп көңiл бөлiнуде. Жыл сайын зей-нетақының өсуi, ардагерлерге жасалып жатқан жеңiлдiктер, көпбалалы аналарды марапаттаумен қатар басқа да шаралар қарт адамдарды қолдау деңгейiнiң жоғары екенiн көрсетедi.


Қарияларға қамқор болу — барша қоғамның және әрбiрiмiздiң мiндетiмiз, өйткенi жасы ұлғайған адамдар — мемлекетiмiздiң алтын қоры, дәстүрлердiң сақтаушысы, патриоттылықтың, iске деген адалдықтың, ұлы шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсi. Бұл күнi бiз әрiптестерiмiзге, ата-аналарымызға және зейнеткерлiк жастағы барлық адамдарға құрмет бiлдiремiз. Олардың ағарған шаштары халқымыздың даналығы мен тәжiрибесiн сақтауда. Олар соғыстың қатал мек-тебiнен, соғыстан кейiнгi құрылыстан өттi және туған елiмiздiң гүлденуi жолында көп күш-жiгерлерiн жұмсады. Тәуелсіз еліміздің нығаюына үлес қосты.
Құрметтi де аяулы қарттарымыз!
Сiздердiң бiлiмдерiңiз, тәжiрибелерiңiз бен өмiрде түйген даналықтарыңыз бүгiнгi күнi халқымыздың және Отанымыздың игiлiгi үшiн қызмет көрсетiп келедi. Осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтай отыра, сiздерге мықты денсаулық, ашық аспан, шат көңiл тiлеймiз. Сүйiктi және қамқоршы балаларыңыз, немерелерiңiз, жақын-жуық-тарыңыз, бұрынғы еңбек еткен ұжым-дарыңыз сiздермен бiрге болсын. Ұзақ әрі бақытты өмiр, қадірлі қарттық тiлеймiз!

Р.Сағандықов,
Көкпекті ауданының әкімі
Т.Сарманов,
аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз