Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жақында Қазақстан Республикасы Тәуел-сіздігінің 25 жылдығы аясында аудандық мәдениет үйінде аудандық «Жайдарман 2016» лигасының финалдық ойындары өтті. Финалдық ойынға ойынға Биғаш, Тассай, Ажа, Преображенка, Теректі ауылынан 5 команда қатысып, бақ сынасты. Жайдарманға келген командалар әзілдерін ә дегеннен-ақ көңілді биімен бастады. Сонымен қатар, ауылдың тыныс-тіршілігі мен мектептегі жағдайларды әзілдеріне арқау етіп, көптің көңілін баурап алды.


«Тек қана жігіттер», «Дарынды жастар», «Тассай құрамасы», Ажа, Биғаш, «Есте сақта» сынды ауыл-аймақтардан келген құрамалардың әзілін қазылар алқасы бағалап отырды.
Сонымен, аудан-ауылдардан келген 6 құрама қатысқан сайыс мәресіне жетті. Бірінші орынды Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округттен келген «Тек қана жігіт-тер» құрамасы жеңіп алса, ІІ ор-ын теректілік таланттар - «Дарынды жастар» құрамасының еншісінде. Ал жүлделі үшінші орыннан Тассай ауылынан келген жас өнерпаздардың «Тассай құрамасы» құрамасы көрінді. Жайдарманға қатысқан ең жас Ажа, Биғаш және Тассайдың «Ес-те сақта» командалары алғыс хатқа ие болды. Сондай-ақ, жас әзілкештердің әзілін бұлардан бөлек көрермен де таразылайды. Залдағы көрермен күлкі сыйлаған «жайдарманшыларға» дән риза.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз