Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биыл Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 25 жыл толады. Осы жылдар аралығында еліміз қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткере отырып, даму бағытына бет алды. Әрине, бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен көрегендігінің, қазақстандықтардың еңбекқорлығы мен ыждаһаттылығының арқасында іске асты. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында 2050-жылға қарай ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды басты мақсат етіп қойды.


Жолдауда спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі екені де айтылды. Осы орайда, ауданымызда да ұйымдастырылып өткізіліп жатқан спорттық шаралар ауқымы өсуде. Ұлттық спортымызды дамытуға ден қойылып, жаңа үйірмелер ашылуда. Атадан балаға мирас болып қалған Қазақ күресі қайта жаңғыртылып, әлемдік деңгейде әйгілі болды.
Сәуірдің 26 күні, төл өнеріміз қазақ күресінің деңгейін көтеріп, дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Өскемен аймағы өкілдігі, Көкпекті ауданы әкімшілігі, Көкпекті аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Көкпекті орта мектебінің спорт залында ҚМДБ-ның төрағасы, «Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі» үшін Қазақ күресінен республикалық турнирге іріктеу сайысы болды. .Айтулы додаға облысымыздың барлық аудандарынан сайдың тасындай іріктелген 28 балуан қатысты.
Салтанатты жағдайда өткен жарыстың ашылу салтанатында балуандар шеруі болып, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Балуандар екі кілемде бірнеше салмақ дәрежесі бойынша белдесіп, баптары мен шеберліктерін көрсетті. Жарыс 74 келі және 74 келіден н жоғары салмақ дәрежесінде өтті.
Сонымен, жарыстың нәтижесі бойынша 74 келі салмақ дәрежесінде 1 орын Ілияс Измагилев (Өскемен қаласы), 2 орын Сержан Ажахметов (Тарбағатай ауданы), 3 орын Қуат Бекбаев (Тарбағатай ауданы) және Елдос Жетпісбаев (Ұлан ауданы). Ал, 74 келіден жоғарысалмақ дәрежесінде 1 орын Талғат Әмренов (Ұлан ауданы), 2 орын Ельдар Зарыпханов (Өскемен қаласы), 3 орын Қуаныш Кеңесбеков (Өскемен қаласы). Барлық жеңімпаз, жүлдегер атанған спортшылар тиісті дәрежедегі диплом, медальдармен марапатталды. Сондай-ақ, спортшыларды жарыстың қонақтары: аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова, ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкіл имамы, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің Бас имамы Ермек қажы Тасболатұлы Мұқатай құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз