Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Дені сау ұлт қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау – Елбасымыздың әлеу-меттік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Бұл ретте Көкпекті ауданы волейбол құрама командаларының алатын орны ерекше.
Ағымдағы жылдың 14-17 сәуір аралығында Көкпекті ауданы волейболшылары құрама командасы Зырян қаласында Совет Одағының батыры П.Брылинді еске алу құрметіне өткен турнирден жеңімпаз болып оралды. Жеңімпаз болғанда қандай! Үкілеп шығарып салған көкпектілік спортшыларымыз үмітімізді ақтап, жүлделі ІІ-орынға қол жеткізді. Додаға түскен 16 команданың ішінен алға шығып, жүлдемен оралған волей-болшыларымыздың жарысқа демеушілік көрсет-кен ауданымыздың қолы ашық азаматтары Б.Бекбердинов және «Талап» ШҚ басшысы Ж.Күшікбаевқа алғыстары шексіз.


Сонымен қатар, волейболшы жігіттеріміз 22-24 сәуір аралығында Семей қаласында өткен абайтанушы ғалым Қайым Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толуына арналған облыстық турнирге қатысқан 10 команданың ішінен алға шығып, жүлделі І-орынды қанжығалады. Аталмыш жарысқа, «Өрнек» ЖШС басшысы Ержан Қойгелдин, қазір Семей қаласындағы «Саланг» қорғау-іздеу жеке агенттіктің басшысы, Үлкенбөкен ауылының тумасы жерлесіміз, Серік Жуанышевтың және жеке кәсіпкер А.Макаровтың көрсеткен демеушілік көмектері волейболшыларды жігерлендіргені анық. Жоғарыда өткен тунирлерде Әсет Әбетов, Иван Яловый, Арман Зайнулдинов, Әділет Тәкенов сынды спортшы жігіттер жақсы ойын көрсетіп көзге түсті. Көкпекті аудандық құрама командасын баптап, үкілеп жүрген жаттықтырушы Мұсабек Нұғыспанов. Қазіргі таңда, құрама команда 8 мамырда өтетін Ұлы Отан соғысының ардагері Сағи-долла Ағзамовты еске алуға ар-налған ХХХ турнирге дайындық үстінде.
Көкпекті құрама командасының дайындық жұмыстарына сәттілік серік болсын! Біз де спортты жанына жақын тұтқан жандарға, жеңіс тұғырынан көріне берсін деген тілек білдіреміз.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз