Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен жылдың 13 қарашасы күні Елбасы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды.

         Тиісті өзгерістер мен толықтырулар ен­гізіл­ген бұл заң мүлікті жария етуді жүзеге асы­рудың жаңа процедуралық ерекше­лік­терін айқындап берді. Яғни мүлкін жария етуші субьектілерге бұрынғы заңдармен са­лыс­тырғанда, көптеген жеңілдіктер қарас­ты­рылған. Осыған орай аталмыш шара 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзар­ты­лып, ел арасында түсіндіру жұмыстары кеңі­нен жүргізіліп жатыр.

 

Жалпы, мүлікті жариялау жөнінде әң­гі­ме қозғаған кезде, «Қандай жеке құн­ды­лық­тар жариялау арқылы заңдастыруға жа­та­ды?» деген заңды сұрақ туатыны сөзсіз. Атал­мыш сұрақтың жауабы заңның 3 бабында нақты айқын­дал­ған. Атап айтсақ, ақша, бағалы қағаздар, заң­ды тұлғаның жарғылық капиталындағы үле­сі, басқа біреудің атына рәсімделген жыл­­­жымайтын мүлік, еліміздің терри­то­рия­сындағы ғимарат, шетелдегі жыл­жы­май­тын мүліктер мен қаржылар жариялау ар­қылы заңдастыруға жатады. Осы орайда пай­­далану құқығы сотпен қаралып жатқан мү­ліктер, несиеге алынған қаражат, мем­ле­кет пайдасына берілуге тиісті мүлік, бюджет қа­­ражатына салынған обьектілер, жемқор­лық­пен байланысты қылмыстық жолмен келген мүлік, т.б. заңдастыруға жатпай­ты­нын еске сала кеткен орынды. Сонымен қа­тар мүліктерді заңдастыру акциясы 2016 жыл­дың 31 желтоқсанына дейін жүргі­зіл­гені­мен, жылжымайтын мүліктерге байла­ны­сты құжаттарды қабылдау уақыты 30 қа­ра­шада аяқталады. Сондықтан мүм­­­кіндікті тиімді пайдаланудың жарты жылдан ғана аса мерзімі қалғанын ұмытпаған жөн. «Мүлікті жариялау – соңғы мүмкіндік, бұдан кейін ешқандай жеңілдік болмайды» - деген Елбасымыз. Бұған қоса, 2017 жылдан бастап, жалпыға ортақ декла­рация­лау процесі басталады. Мүлікті уақытында жарияламаған субъектілерге сол кезде заң ал­дында жауап беруге тура келеді. Сондық­тан да мүлікті жариялауға байланысты бар­лық мүмкіндіктерді қарастырып отырған Заң алдында жалтақтық танытпай, ертеңгі күн­нің қамын бүгіннен ойлау керек. Тура­сын айтқанда, заң алдында жауап бергеннен гөрі, заң жолымен жүрген адамның әрдайым ме­рейі үстем болатынын ұмытпаған абзал.

  

Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік

                                                                 кірістер басқармасы

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз