Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биылғы қыс қарының қалың түсумен ерекшеленіп, көктем жақындаған сайын ауыл тұрғындарының көңіліне алаң туғызғаны рас. «Аузы күйген – үрлеп ішеді» дегендей, самарлықтар үшін қауіп екі есе артты. Дегенмен, ауа райы әзірге ешқандай сыр білдірмей, қар да жайымен, жерге сіңіп еріп жатқан сияқты. Сонда да жергілікті билік ауылдың бас тоғаны – Лайлы бөгетінің басынан кезекшілікті үзбей отыр.
- «Шығыс су қоймалары» ЖШС мекемесінің екі қызметкері – А.Қизаметдинов пен С.Бөлембаев күндіз кезекшілікті үзбей атқарып келеді. Сонымен бірге, барлық мекемелер мен шаруашылықтар да түн мезгілінде кезекшілік атқарады. Күнделікті судың деңгейі өлшеніп, өзен арнасына ағу жылдамдығы тексеріледі, - дейді Самар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы К.Терин.- Мұздың қалыңдығы 15-20 сантиметр, қазіргі күні бөгетте орта есеппен 730 мың текше метр су бар, әлі де сыйымдылығына қарай 180 мың текше метр су қабылдай алады. Қазір су Ешкібай су қоймасына және өзен арнасы арқылы ауыл ішімен ағып жатыр.


Ауыл тұрғындары арасында ТЖ қызметкерлерімен бірлесе отырып, насихат жұмыстары жүргізілген. Оларға суағарларды, арықтарды тазалау бойынша ескерту хаттар таратылды. Әлі де таудың қары еріген жоқ, сондықтан да қырағылықты жоймау керек, - дейді Кенжебек Құмашұлы.
«Түске дейін - мүйіз, түстен кейін - киіз», ауа райының осындай күйі халық үшін қолайлы болып тұрғаны анық. Алда күрт еріп, тау суы түсетін шақта болмаса, әзірге тікелей төніп тұрған қауіп жоқ.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз