Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан аумағындағы ветеринария қызметінің жай-күйі дүй-сенбі күні өткен семинарда қызу талқылауға түсті. Аудан әкімі Р.Сағандықов төрағалық еткен семинар-кеңестің басты тақырыбы да осы. Жиынның мақсаты атқарылған жұмысты сараптап, алдағы күннің міндеттерін нақтылау.
Аудандық «Көкпекті мал дәрігері» КМК директоры Т.Сармановтың жасаған баяндамасына жүгінетін болсақ, өткен жылы аталмыш мекеме қызметкерлері тарапынан ауданда аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын-алуда, ауруларды диагностикалауда, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өміріне деген қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жоспарланған ветеринарлық іс-шаралар толығымен орындалған.
«Көкпекті ауданында 54094 бас ірі қара, 78593 бас ұсақ мал, 15444 бас жылқы, 1151 шошқа, 14 бас түйе, 1286 бас марал бар. «Көкпекті мал дәрігері» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорында 56 ветеринарлық маман жұмыс істейді, оның 25-і мал дәрігері, 31-і мал дәрігерлік фельдшер. 2015 жылы ветеринарлық -профилактикалық жұмыстарға республикалық бюджеттен 68 миллион теңге бөлінді. Облыстық бюджет есебінен энзоотикалық ауруларға 13 млн. 814 мың теңге бөлінді», - деді мекеме басшысы.
Бұдан әрі баяндамашы есептік мерзімде жұқпалы ауырулардың алдын-алу, диагностикалық тексеру жұмыстары, яғни тексерілген мал түрлері мен саны, сібір жарасы, қарасан, құс тұмауы, туберкулез, құтыру, оба сияқты аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егілген екпелерге тоқталды. «2015 жылы аудан бойынша сібір жарасы ауруына қарсы 73800 бас ірі қара мал, 130000 бас ұсақ мал, 14000 бас жылқы, 1500 бас шошқа, 154 бас түйе, 1600 бас марал егілді. Ал, аусыл ауруына қарсы 123000 бас ірі қара мал, 301 000 бас ұсақ мал, 1200 бас жылқы, 1000 бас шошқа, 800 бас марал егілді. Туберкулезге аллергиялық тексеруден 130 000 бас ірі қара малы тексерілді, оң нәтиже берген мал болған жоқ. Сонымен қатар, ауданда соңғы жылдары туберкулез ауруына шалдыққан ірі қара болған жоқ. Барлық ветеринарлық-профилактикалық жұмыстар бекітілген жоспар бойынша жүзеге асты», - деп атап өтті Талғат Манапұлы.


Сонымен қатар, семинарда аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Е.Төлешов аудан бойынша ветеринария қызметінің 2016 жылға міндеттері мен өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат берді. Ал, Көкпекті аудандық аумақтық инспекция басшысы Е.Сәрсенбаев, өз баяндамасында инспекция қызметін кеңінен ашуға тырысты. - Жалпы, біздің инспекция тарапынан 2015 жылы 104 қадағалау және бақылау жүргізілген. Соның ішінде, 94 нұсқама беріліп, 10 айыппұл салынған. Бұл айыппұлдардың бірі жергілікті атқарушы органға, 8 жеке тұлғаларға және 1 жеке кәсіпкерге салынды. Бұдан басқа жергілікті атқарушы органдарға бірнеше хаттар жазылып, олардың орындалуы үнемі бақылауда болды», - дейді Ержан Әділханұлы.
Семинарға арнайы Шығыс Қазақстан облысынан келген «BioTevGrour» компаниясының жетекшісі Ержан Мұратбекұлы Барышев, қазіргі таңдағы малдарға салынатын РВ 51 вакциналарының артықшылықтары мен мәніне арнайы дайындаған слайдтармен тереңірек тоқталып өтті. Талдауға түскен мәселе бойынша, жарыссөзге шыққан Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Н.Назарханов, Аухадиев ауылдық округінің әкімі Д.Қойгелдин өз ауылдық округттеріндегі, жалпы аудан аумағындағы ветеринарлық жағдай, атқарылып жатқан жұмыстар, туындап отырған проблемалық мәселелер жайын баяндады.
Жарыссөзге шыққан азаматтар тарапынан күн тақырыбындағы мәселеге қатысты сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Олардың қатарында ауылдық жерлердегі мал өлексесін тастауға арналған қорымдардың ветеринарлық талаптарға сәйкестігі, ауылдағы мал басының электрондық базаға енгізілуі сынды көптеген көкейтесті мәселелер бар. Аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлы кеңесті қорытындылай келе, сала басшылары мен мамандарға, ауыл әкімдеріне жұмыстарына жеміс тілей келе, нақты тапсырмалар жүктеді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз