Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіз мемлекеттің күнтізбесінде жаңа жалпыхалықтық мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің аталуы – барша халықтың Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа артқан биік сенімінің, ізгілік-құрметінің жарқын дәлелі екенін тағы да бір рет айқындай түсті.

Қазақстанның басты жетістіктері Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Мемлекет басшысының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз.
Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айрықша тұлға – Елбасы екені даусыз. Еліміздің өркендеуі жолындағы толағай табыстарымыз Елбасының стратегиялық міндеттерді шешу жолын нақты әрі дұрыс айқындай білген саясатымен байланысатыны да дау-сыз ақиқат. Қазақстанның бүгінгі жеткен биігі болашақтың нық қаланған іргетасы. Елбасы қандай қиын кезең болсын ұдайы сабырлы қалпынан айнымайды. Осы сабырлылығы іскерлігіне ұласып, халықты бар қиындықтарды тек бірлікпен жеңуге жұмылдырады. Бүгінде Қазақстан - әлемдік аренадан өз орнын тауып, Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет елдің мекені. Еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды сәтті жүзеге асырушы мемлекет ретінде ТМД мен Орталық Азия аумағының көптеген мемлекеттері үшін қарқынды дамудың үлгісі болып табылады.
Біздің ауданның тұрғындары да ел экономикасының дамуына өзінің үлесін қосып келеді. Өнеркәсіп өндірісі тұрақты жұмыс істеуде, индустриялық жобалар жүзеге асырылып, жаңа технологиялар енгізілуде, тұрғын үйлер, білім және денсаулық сақтау нысандары жөнделіп, салынуда.
Бүгінгі біздің басты құндылығымыз - полиэтностық қоғамда орнаған бейбітшілік пен келісім. Біздің мықты күшіміз – еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың татулығында, ол өзіміз өндірген өнімнің сапасына, бәсекеге қабілетті болуына көңіл аударуымызда. Жұмыла еңбек етіп, жеріміздің байлығын сақтап, барлық игілікті істерімізді жандандыру жолындағы ісіміз ынтымақ, бірлікте қарқынды жүзеге асып отыр.
Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға мықты денсаулық, амандық-саулық, молшылық пен Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуін тілейміз!

Р.Сағандықов, Көкпекті ауданының әкімі
Р.Беспаев, аудандық мәслихат хатшысы

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз