Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аспаннан жаудырып, жер-ден өндірген өнімін жиып, көктемгі төлін жайлау төсін-де аяқтандырып, малын қоңдан-дырып әкелген диқан мен малшының арқаны кеңге салар шағы – күз айы. Жыл сайын қараша айының соңғы апталарының бірінде ауданымызда диқандар мен малшылар, механизаторлар, көкөніс өсірушілер – ауыл шаруашы-лығы өнімін өндіруші мен қайта өңдеуші саланың майталман еңбеккерлері күні аталады. Биыл да сол дәстүрден таймай, өткен сенбі күні Самар ауылындағы Мәдениет үйінде сала еңбеккерлерін және ардагерлерін ұлықтау салтана-ты өтті. Сонымен бірге, бүгінгі жиынға ау-данның қаржы саласының қызметкерлері де қатысып, оларға жақында ғана өткен төл мерекелеріне орай құрмет көрсетілді.
Ауданның экономикасын дамытуда маңызды орын ауылшаруашылығы өндірісі кешеніне тиесілі. Оны дамытудың шешуші кезеңі ауданның азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін нақтылайды. Ауданның ішкі жалпы өнімінің 83,9 пайызы аграрлық са-лаға тиесілі. Ауданның ауылшаруашылығы саласы өсімдік шаруашылығын қатар ала отырып, мал шаруашылығымен айналысу болып табылады. Бүгінгі күні Көкпекті ауданында 822 ауылшаруашылығы құрылымы тіркелген, оның ішінде 783-і шаруа қожалығы болса, 39-ы жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Ауылшаруашылығының жалпы өнімінің көлемі аудан бойынша 11 732,2 млн.теңгені құрады, 9 айдың ішіндегі жалпы өнім өндіру қарқыны 102,5%-ды құрады. Ауданның облыстың ауыл-шаруашылығы өнімдері бойынша жалпы өнім көлемінің үлесі - 6,1%-ды құрайды. Ауданның ауылшаруашылығы өнімдері бойынша жалпы өнім көлемі мал шаруашылығында - 69,0%, өсімдік шаруашылығында - 31,0%.
Бүгінгі мереке иелерін құттықтай отырып, аудан әкімі Р.Н.Сағандықов ауданның ауыл-шаруашылығы саласы жыл өткен сайын қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Егістік алқабының басқа өңірлерге қарағанда бал-бонитеті төмен болса да, біздің ауданның диқандары озық технологияларды пайдалана отырып, қажетті өнімді жинауда. Өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да дамып келеді. Бүгінгі күні біздің ауданда мал тұқымын асылдандыру, жылқы өсіріп, қымыз өндіру, сауынды сиырлар басын арттырып, сүт өндіру бағытына да айрықша назар аударылып отыр. «Ауыл берекесінің артуына мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану зор көмек болып отыр», - деп атап өтті өз сөзінде аудан әкімі.
Салтанатты жиынға қатысушыларды аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы М.Теміржанов та құттықтап, сала еңбек-керлеріне зор алғысын жеткізді. Бүгінгі күні бұл мерекелік салтанатқа ауданның агроөндірістік кешенінің қалыптасып, дамуына зор үлесін қосқан ардагерлер А.Бектасов, Қ.Түсіпбеков, Қ.Орсаев, В.Лопаткин, Р.Беспаев, Ә.Тұрықпаев және басқалары қатысып, құрметті қонақ болды. Марапаттау рәсімі төл теңгенің беделін арттырып, бюджеттің толығуы жолында еңбек етіп, ауданның қаржылық саласында ұзақ жылдар тер төккен бір топ қаржыгерлерге марапаттар мен сыйлықтар тапсырудан басталды. Аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталғандардың арасында Көкпекті аудандық қазынашылық басқармасының қаржылық және шарттарды тіркеу тобының бас маман-қазынашысы Қайрат Темербеков, Көкпекті ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Оразай Нұржан, қаржы және экономика бөлімінің инспекторы Айгүл Нұрлыбаева бар.
Ауыл шаруашылығы саласының ахуалына еліміздің экономикасы тікелей байланысты. Саладағы жетістіктер еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін жақсартып қана қоймай, дағдарыс кезінде ауыл тұрғындарының ештеңеден та-рықпауын қамтамасыз етеді. Ел азаматтарының атқарып отырған игілікті ісіне бүгініміз бен болашағымыз тікелей байланысты, сондықтан да бүгінгі марапат та, айтылар жүрекжарды ақ тілектер де адал еңбегімен тер төгіп, жер емшегін емген, Шопан ата, Зеңгі баба, Қамбар ата түліктерін туған дала төсінде мыңғыртуға үлес қосып жүрген майталман жандарға айтылды.
Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының мадақтамасымен «ҚалМұхЖомАхмет» шаруа қожалығының басшысы Мұхамед Қалиқанұлы Хабидолданов, «Арна» шаруа қожалығының басшысы Мұрат Кеңесұлы Жақыпов, «Дүсіпов» шаруа қожалығының басшысы Ержан Қабдығалиұлы Дүсіпов, «Дархан» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Ахмадиұлы Рапеков, «Рус-там» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Советбекұлы Дүйсембаев, «Құсайынұлы БК.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бақытбек Құсайынұлы Құмаров, «Алекс» шаруа қожалығының басшысы Александр Анатольевич Бойков, «Жансары» шаруа қожалығының басшысы Ербол Нығметжанұлы Сағындықов, «Элита» шаруа қожалығының басшысы Виничук Виктор Владимирович марапатталды. Ер-азаматтардан қалыспай ауданымыздағы асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын «Мұқаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұржихан Ғадылбекқызы Абдрахманованың есімін ерекше атауға болады. Облыстық басқарманың мадақтамасына нә-зік жанды фермер де ие болды.
Аудан әкімінің алғыс хатымен ауданның бірқатар шаруа қожалықтары мен ЖШС басшысы марапатталды, олар Е.Шәкеров, М.Құмаров, А.Воротников, Ж.Байназаров, А.Қажығалиев, Е.Бөлембаев, Р.Құдайбергенов, Х.Фахрутдинов, Қ.Баймолдин, Т.Зүлфиев, Н.Карчев, Р.Раев, В.Ба-траков, А.Нарожнев, Т.Бекбердинов, сондай-ақ осы мерекеге орай аудан әкімінің Алғыс хатымен «Көкпекті жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Гүлназ Нұрғалиева, жер қатынастары бөлімінің бас маманы Слямбек Зейнуллин марапатталды.
Мерекелік марапаттаулар жалғасып, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің Алғыс хатымен ауданның шаруа қожалықтарының бір топ еңбеккерлері де марапатталды олардың арасында мал дәрігері Дулат Байменов, механизатор Сергей Разинкин, инженер Монголхан Бейсен, Константин Русякин, механизатор Серік Елемесов, «Теректі» шаруа қожалығы басшысының орынбасары Әділбек Тоқтарбаев, механизатор Тұрсынғазы Қасиманов, механизатор Советхан Жұмағазин марапатталды, олардың барлығына да бағалы сыйлықтар берілді. Ал «Құсайынов БК» шаруа қожалығының механизаторы Әсет Абдрахмановқа Алғыс хатпен бірге автокөлік кілті табысталса, «Қалисатарұлы» шаруа қожалығы механизаторы Мұрат Қалисатаров пәтер кілтіне ие болды. Диқан еңбегінің бағаланып, даңқы артқан шағы дәл осы мерекелік жиын болды. Жиындағы марапаттар тапсыру сәті толастамады. Енді жұртшылыққа аудан әкімінің жыл сайынғы түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарын жариялау кезегі тұр еді. Шаруа қожалықтары ауылдың тек экономикалық жағына емес, әлеуметтік мәселелерге де көңіл бөліп, көмектесіп отырады. Сондықтан да бүгінгі күні ауданаралық аурухананың бас дәрігері Н.Саңқайбаевтың бір топ шаруаға сый-сияпат ұсынуы орынды болды. Олар Самар ауылының әлеуетті азаматтары – Е.Мәмбетов, С.Жотабаев, М.Құмаров, ауданымызда қымыз өндіруді жолға қою жобасын жүзеге асырып отырған Е.Шәкеров.
Ауданның агроөнеркәсіп кешенінің дамуына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұрғын халықтың өмір сүру деңгейінің тұрақтылығына кепіл болып отырған ауданның бірқатар шаруа қожалықтарының басшылары мынадай номинациялар бойынша марапатталды: «Мелиоратор фермер» «Теректі» шаруа қожалығының басшысы Қанат Бидахметұлы Садықов, «Меценат фермер» - «Талап» шаруа қожалығының басшысы Жұмабек Құрмашұлы Күшікбаев, «Тұқым өсіруші фермер» - «Қалисатарұлы» шаруа қожалығының басшысы Самархан Қалисатарұлы Жотабаев, «Мал шаруашылығын дамытушы фермер» -«Елім-ай-Көкпекті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Болат Миғражұлы Бекбердинов, «Ара өсіруші фермер» -«Фацелия» шаруа қожалығының басшысы Александр Матвеевич Шаров, «Жыл фермері» -«Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ержан Тұрсынхаұлы Қойгелдин.
Сондай-ақ, дәнді дақылдарды өсіру және қайта өңдеумен, сондай-ақ, өнімдерін сатумен өздері айналысатын шаруашылықтардың ықпалымен аудандық тұрақтандыру қорына шаруашылықта 1000 тонна астық сақталуда. Ауданды нан-тоқаш өнімдерімен 80 пайыз қамтамасыз етіп, нан бағасының тұрақтандырылуына зор үлес қосып отырған «Мәмбет» шаруа қожалығының басшысы Есенбек Дәлелұлы Мәмбетов «Жылдың үздік фермері» номинациясы сертификатымен марапатталды. Бұл марапатты Есенбек Дәлелұлы араға жыл салып қайтадан иеленді. Құрметті марапат иелері, сіздерді жыл бойғы төккен терлеріңіз ақталып, еңбектеріңіздің жоғары бағалануымен шын жүректен құттықтаймыз!
Салтанатты жиын соңы аудан өнерпаздарының облыс орталығындағы «Туған жерге тағзым» атты аудан күндеріне ұсынған концерттік бағдарламасын тамашалаумен аяқталды. Жиналған қауым бұл бағдарламаның мазмұнына тәнті болды. Ол биылғы мерейтойлық жылдардың барлығын қамтып, тақырыптық сипатын аша білді. Ұлы ақын Абайдың - 170, Қазақ хандығының 550 жылдығына қойылған композициялар халық көңілінен шықты. Бұл қойылымдарға арналып тігілген костюмдер қандай! Абай рөлін сомдаған А.Сүлейменов, жезтаңдай әншіміз Ш.Ибраев өз өнерлерімен көрермендерін тағы да баурап алды.
Мереке күні орталық алаңда сиыр еті мен балығы, балы мен бағланы, жем, түрлі тұздалған көкөніс, арзан картоп, қырыққабат пен сәбіз молынан ұсынылған жәрмеңке қанат жайды. Апта сайын өтетін жәрмеңкеден бұл жәрмеңке өзгеше болып, тұрғындар жерлестерінің жаз бойы төккен терлерінің жемісін өз көздерімен көрді, қолжетімді бағаға сатып алды.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз