Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Қазақ күресі - спорттың төресі, оның жұлдызы әлі жанады».                                                                                                       Металбек Болғанбаев, үлкенбөкендік палуан. 

Үлкенбөкен ауылындағы орта мектепте «Қазақ күресі» секциясының ұйым-дастырылғанына бірнеше жыл-дың жүзі болды. Спорт секциясын ауданымызға танымал жаттықтырушы «Нұр Отан» партиясы мүшесі Дәурен Данабеков жүргізеді. Оның даярлайтын палуандары республика, облыс, аудан деңгейінде өткізілетін турнирлер мен чемпионаттарға ұдайы қатысып келеді.


Жуырда Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында өткен «Жас барыс» турнирінде оның шәкірті Аманкелді Ғизатоллаев 64 килограмдық салмақта жақсы көрсеткіштер көрсетіп, үшінші орынға ие болды. Шәкіртінің алтынға бергісіз қола медалі, тынымсыз еңбектің жемісіндей, жаттықтырушыны алға же-телейді.
Аудандағы қазақ күресінің дамуына «Нұр Отан» партиясы мүшелері Ержан Ізғұттинов, Данабек Ахадов, Нығметжан Смағұлов, Қаршыға Тыныбаевтар зор үлес қосып келеді. Көкпекті ауднынан да «Қазақстан барысы» шығар деген үмітіміз жанып, сеніміміз күннен-күнге нығайып келеді.
Қайрат Мәлікаждар, Көкпекті аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы консультанты

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз