Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлы Отан соғысының қайғы мен қасіреті қандай болса, биылғы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қуанышы мен шаттығы да ерекше болды. Ардагерлерге құрмет Елбасы айтқандай жыл сайын жалғасын табатыны сөзсіз.

Соғыс және тыл ардагерлері өз тағдырларының тауқыметін тартқан, ұрпаққа ерліктің асқан үлгісін көрсеткен өшпес бейне ұмытылмас тарих болып қалды. Қарттық келіп шаршаған сәтте, олардың көңілін көтеріп, денсаулығына, әлеуметтік жағдайына қарауды мемлекет толығымен қолға алды. Әсіресе, биылғы жылғы көрсетілген құрметпен сан қуанышты салтанатты сәттерге, барлық ардагерлер ризалық сезімдерін білдіріп, алғыстарын айтуда. Барлығына үкімет баспана беріп, денсаулықтарына ерекше қарап, сан марапаттың түрлерін көрсетті. Сол бір марапаттың биылғы ерекше бір түрі жедел электронды көмек көрсететін ұялы телефон болды. Бұл сыйға Көкпекті ауданынан 14 соғыс және тыл ардагерлеріне табысталды.  Соның бірі, тыл ардагерлері Бағила Данақызы Тыныбаева. Арнайы сыйлықты табыстау үшін, тыл еңбеккерінің үйіне Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Әбенов арнайы барып, құрмет көрсетті.

Тылда еңбек етіп, күндіз күлкі көрмей, түнде ұйқы көрмеген жастығын жалын атқан соғыс өртіне құрбан еткен әже қазір ауыра қалса қолындағы дабыл түймесі бар телефонын басып, ақ халатты абзал жандарды жедел шақыра алатын жағдайға жетті. 95 жастың төріне шыққан Бағила әже, бүгінгі күні көрген құрметке риза болып, жаны жасарып, көңілі көтеріліп, келген қонақтарды ризашылықпен шығарып салды.. Тыл ардагерінің қуанышты сәтіне куә болып, 100 жастың төрінен көрініп, ұрпағының әлі де  қомқорлығы мен  сыйластығына бөлене беруге жазсын демекпін.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз