Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 


«Бақыт деген сенің бала күндерің» деп жырлаған екен Мұқағали. Расында, қамсыз, мұңсыз, қызықпен өткен сол бір кездер бақытты балалық шағымыз еді ғой. Алайда, тағдыр тәлкегіне ұшырап, балдай тәтті балалық шағында батпандай ауыр мұң арқалап, жанары жаутаңдаған жетімдер сол бақытты сезініп жүргені шамалы. Үкімет қамқорлығы қанша жерден қайырымды болғанымен, ата-анасының аялы алақанын алмастыра алмайтынын айтудың қажеті де жоқ.

Міне, осындай балаларға қамқорлық көрсету – ең ұлы іс. Құрбан айттың үшінші күні Өскемен қаласынан қамқорлық жасауға арнайы келген Елена Николаевна Көкпектідегі балалар үйіне сапалы, құнды аяқ киімдер алып келген. Барлық аяқ-киім саны 55 болса, олардың құны 790 мың теңгені құраған. Балаларға жетерлік 28 аяқ киімді жеткіншектердің жас мөлшеріне қарай таңдап балалар үйіне өткізсе, қалғанын жағдайы нашар отбасыларға тарататындарын айтты.

Елена Николаевна, жеке кәсіпкер, Өскемен қаласы:

-Біз осы ауданға келіп, өз кәсібімізді Бұқтырма су қоймасынан бастамақпыз. Сол жерге шағын туристік демалыс орнын салу ойымызда бар. Осы аудандағы алғашқы жұмысымызды балаларға қамқорлық көрсетуден бастағанды жөн көрдім.

Қалыбай Қалиханұлы Алтынбаев, Қ.Раев атындағы Көкпекті балалар үйінің директоры:

-Міне, бүгін Құрбан айттың үшінші күні де аяқталуға жақын. Балаларға қамқорлық көрсетіп жатқан қайырымды азаматтарға көп рахмет. «Бізден қайтпаса да құдайдан қайтады» - деген қазақ мәтелі де бекер айтылмаса керек. Құрбан айттың алғашқы күні Ақсуаттың тумасы «Әулие ата Ырғызбай» ШҚ бастығы Болатқажы Құнанбайұлы Тағабай мырза мен «Көкпекті жолдары» ЖШС бастығы Гүлназ Нұрғалиева айт қабыл болсын айтып құттықтай келіп, балаларға керекті заттар мен түскі және кешкі астарға дастархан жайып қамқорлықтарын көрсетті. Осындай иманды, қайырымды азаматтарға алғысым шексіз, – деп ризашылығын білдірді.

Бүгінгі безбүйректік пен қатігездік жайлаған қоғамда жетімін қазақ жылатпаса екен. «Әр қазақ - менің жалғызым» дейтін азаматтар болса, жетімдерді жебей жүріп, рухани және материалдық көмек көрсетсе игі еді. Себебі, көздері жәудіреген қарадомалақ қазақ балалары жетімдік күйін кешіп, тастанды атануы – ұлттың сүйегіне таңба.

Жанерке ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз