Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сүйінші хабар, ағымдағы жылдың 24-25 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өткен Республикалық Жайдарман ойының жартылай финалында өнер көрсеткен жерлестеріміз «Көкжайық құрамасы» іріктеуден сүрінбей өтті. Жартылай финалға біздің облыстан 5 команда қатысты.  5 команданың алдынан оза шапқан команда енді желтоқсан айында өтетін финалдық бәсекеге дайындық үстінде.

 

Қазір «Көкжайық құрамасы» командасының команда капитаны Еркін Байсейітовтің айтуынша команда желтоқсан айында өтетін финалға дайындық үстінде. Біздің ауданымыздың атағын асқақтатып жүрген жас өрендерге демеушілік ауадай қажеттігн де жасырмады.
«Жайдарман» клубы - Қазақстанның белсенді, өнерлі жастарын бір шаңырақ астына жинаушы орта, мәдени тәрбие-тәлім беріп, өнерін шыңдаушы мектеп. «Көкжайық құрамасы» командасының бұл маусымда ойнауға ниет білдіріп, Жайдарман әлеміне жасаған қадамдары бізді қуантты. Мақсаттары айқын, аудан жастарының намысын республикалық деңгейде көтеріп жүрген «Көкжайық құрамасы» командасына сәттілік тілейміз!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
           

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз