Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні Көкпекті ауылының белсенді жастары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылады. Мемлекет басшысының Жолдауын көкпектілік жастар да қолдайды. Бәсі басым құжатты насихаттаушы топ аудандағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында бас қосты. Басқосу барысында мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің орындалу жолдары талқыланды.

Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда жастарға артылар жүк орасан. Келешек ел тұтқалары диплом емес, білімді болуы үшін оқуы қажет. Сонда ғана мемлекет мерейі, ел ертеңі үшін еңбек ете алады.


Жиын барысында Жастар орталығының директоры Мағжан Жадрин бүгінгі жиынның күн тәртібімен таныстырып өтті. Алғашқы сөз алған Мағжан Кенжебекұлы Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйекте жариялаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының жастарға тиісті бөлімдеріне тоқталып өтіп баяндама жасады. Ал Көкпекті ауылдық округінің жастар саясаты маманы Андрей Деринг жарыс сөзге шығып өз ойын білдірді.
- Бүгін тарихи маңызы бар Жолдаудың маңыздылығын барша қазақ елі сезінгені анық, көгілдір экран артында көріп отырған халық үшін үлкен жобалармен маңызды мәселелер шешімін тапқаны жақсы жаңалық болғаны анық. Ел жастары үшін қуанарлық жағдай - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын, бүгінгі мемлекет басшысының Жолдауы осы бастаманың жалғасы іспеттес. Бізге, яғни жастарға мемлекетіміз үлкен сенім артуда. Елбасы мен Мемлекет басшысының сенімін ақтап, еліміздің өркендеп, өсуіне сүбелі үлес қосамыз деп барша аудан жастарының атынан сенім білдіргім келеді, - деп ойын түйіндеді.
Сонымен қатар, кездесу барысында Көкпекеті ауданының тұрғындарына заң аясында тегін кеңес беретін «Қорғау» атты жаңа республикалық жобаның жұмысы түсіндірілді. Жобаның жетекшісі Көкпекті ауданы ІІБ ардагері, заңгер Еркін Әмірхасенов. Жобаның маңызы мен міндерін Еркін Айтмұхамбетұлы түсіндіріп өтті.
- Қазақстанда азаматтар құқын қорғау үшін тегін әрі қолжетімді инфоқұрылымды құруға бағытталған «Қорғау» жобасы басталды. Жобаның негізгі мақсаты – қиын өмірлік жағдайда жүрген халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру. 1 тамыздан бастап барлық қала және аудан орталықтарында 210 заң кеңесі ашылады. Кез-келген адам осы бөлімдерге барып, бұқара құқын қорғаудың бүкіл маңызды бағыттары бойынша құқықтық көмек алуына болады. Сонымен қатар, жобада Заң факультетінің студенттеріне тәжірбиелік тағылымдарды ұйымдастыру, әлеуметтік заңгерлердің қауымдастығын құру, отбасы мен некенің оң бейнесін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Жоба аясында барлық саладағы құқық қорғау ұйымдарымен меморандум жасалады. Кейде айрықша жағдайлар болып жатады, айталық біреу банкпен соттасуы мүмкін.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелері ретінде мемлекеттен әлеуметтік жеңілдіктер алу, ажырасу процесінің мәселелері, мүлік ұрлау, алаяқтық, жұмысқа орналасу, тағы басқа да айтуға болады.
Қорыта келе, бұл жоба Бірыңғай CaII-орталық құру арқылы «Құқық қорғаушы кешенді жобасын іске асыру» гранты аясында іске асырылуда, - деді Еркін Аймұхамбетұлы.
Жиын соңында жастар «Қорғау» жобасы аясында сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын алды. Енді «Қорғау» жобасының жетекшісі Еркін Әмірхасенов Жастар орталығы мамандарымен бірлесе отырып өз жұмысын бастайды. Заң аясында тұрғындардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында ашылған жобаға сәттілік тілейміз. Аудан тұрғындары өздерінің заң тарапынан толғантып жүрген сұрақтары болса, мына байланыс телефонына хабарласуына болады. 8 705 305 46 69; 8 701 173 10 69.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз