Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тиімді зейнетақы жүйесін жасау, әрбір азаматын қамсыз қарттықпен қамтамасыз ету – мемлекеттің ең маңызды міндетінің бірі. Түптеп келгенде, зейнетақы жүйесіне бүгінде жұмыс істеп жүрген кез-келген адамның келешегі деп қарауымыз керек. Сондықтан да зейнетақы жүйесіндегі әрбір өзгеріске бәріміздің елең ете қалатынымыз рас.

Көкпекті ауылындағы Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Шығыс Қазақстан облыстық «БЖЗҚ» филиалы мамандарының қатысуымен жиын өтті. Жиынға аудандық дербес бөлім, ауылдық округ әкімдігінің мамандары мен есепшілері, аудандық білім ұйымдарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды Көкпекті ауданы «БЖЗҚ» АҚ-ның ШҚО филиалының операциялық бөлімінің Көкпекті ауылындағы қызмет көрсету орталығының бастығы Шынар Азатбекқызы жүргізіп отырды.

 

Күн тәртібінде зейнетақы жүйесіндегі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер мен салымшының жаңа мүмкіндіктері, хабарлаудың электрондық тәсілін дамыту мәселелері талқыланды. Арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «БЖЗҚ» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Мамыралы Жұмабекұлы Мәмбетов, көшпелі қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Алида Рафхатқызы Насырова келіп түсініктеме беріп өтті.
Ең алдымен, сөз алған Мамыралы Жұмабекұлы жинақтаушы зейнетақы жүйесінде зейнетақы жарналарының міндетті, міндетті кәсіптік, ерікті зейнетақы жарналарына тоқталып, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат алу тәсілдерін таныстырды. Соның ішінде, салымшылардың өз жинақтарын үйден шықпай-ақ ұялы байланыс қосымшасы арқылы бақылауға және қор туралы ақпарат алуға толықтай мүмкіндіктер қарастырылған.
Мұнан әрі жиынға қатысушы мамандар жинақталған қордағы ақшаны алу жолының шарттары мен әйел азаматтардың зейнеткерлікке шығу жасындағы өзгерістері жөнінде мәлімет берді. Жиын соңында, ауыл тұрғындары тарапынан сұрақтар қойылып тиісті жауаптар алынды.
Тәуелсіздік алғаннан бері, яғни өткен 26 жыл ішінде Қазақстан үшін ең маңызды мақсат экономиканы көтеру ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік реформаларды да жүзеге асыру болды. Зейнетақы қорында жасалып жатқан бұл реформаның түпкі мақсаты – кәрілікті материалдық жағынан қамсыздандыру болып отыр. Өйткені, әрбір адам зейнетке шыққанда өз бейнетінің зейнетін көргісі келеді. Егерде «Зейнетке шығу – көп жылғы жасаған еңбегіңнің жемісін көру» десек, халықтың биліктен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшасының «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетпеуін талап етуге құқығы бар.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз