Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімінің тапсырмасымен өткізіліп жатқан бұл шара Көкпекті жұртшылығына сұранысқа ие тауарларды ыңғайлы, қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасап, қамбаларын қапқап картоп пен орамжапырақ, мал азығына арналған дәнді дақылдар қалдығымен толтыруға мүмкіндік жасауда. Жәрмеңкеге ауданның барлық округтерінің әкімдері ұйымдастырып әкелген шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер мен жеке сектордағы азаматтар ауылшаруашылық тауарларын жайып салды.

Байлық пен берекенің жаршысы болатын күздің алғашқы айы жәрмеңкелердің нағыз қызатын кезеңі. Күз мезгілі жыл бойы төкккен маңдай тердің ақталатын кезі, халық молшылық пен тоқшылыққа кенелетін уақыт. Бұл маусымда қырманға алтын дән таудай болып үйіледі, жеміс-жидек пісіп, төрт түлік малдар да қоң жинайды. Осындай берекелі де мерекелі күзгі жәрмеңке - қамбасын көкөністердің түр-түріне толтырған ауыл тұрғындарын молшылыққа кенелтіп-ақ тастады.

Көкпекті ауылының орталық алаңы ауылдық округтерден ертерек келіп, ала жаздай бел көтермей, адал еңбекпен өсіріп баптаған бау-бақша көкөністерін және қой, сиыр етін саудаға салуға келгендердің абыр-сабырына толып кетіпті. Аудан басшысы айтқан базарды өнімдермен толтыру міндеті бүгінгі күні шынында да іс жүзіне асты десе болады.
Бұл күні ауылшарушылық бөлімінің ақпараты бойынша, Ет өнімдерінің ішінде 357 келі қой еті, 1470 келі сиыр еті, 350 келі жылқы еті, 15 келі ет фаршы, 20 келі тауық еті, 21 келі үйрек еті, 12 келі қаз еті сатылды. Нан-тоқаш ассортименті 240 дана бөлке және 190 бөлке нан ұсынды. Оның ішінде 22 келі бұрыш, 6 келі пияз, 500 келі қырыққабат, 1100 келі сәбіз, 2290 келі картоп. Сатылған сүт өнімдерінен 182 келі кұрт, 10 келі қаймақ, 35 литр сүт, 13 литр кілегей, 116 келі сары май, 15 литр айран, 59 келі сүзбе. Сонымен қатар 320 келі балық, 130 келі балық фарш, 2410 жұмыртқа, 123 литр тұздалған көкөніс, 170 келі бал, 11 келі талқан, 20 литр күнбағыс майы, 200 келі мал азығы сатылды.
Сондай-ақ, бұл күні келушілерге Көкпекті ауданы жер қатынастар және «Көкпекті мал дәрігері» бөлімдері ұлттық тағамдармен дастархан жайды. Барлық жәрмеңкеге келушілер ыстық шай ішіп, ауыл тұрғындарымен әңгіме-дүкен құрды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз