Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

- Ауыл ішінде қараусыз жүрген малдармен күрес жүргізіле ме? Мал иелеріне қандай әкімшілік шаралар қолданылады?

- Аудан орталығында қатты қалдықтар полигоны қайда орналасқан? Ескі қосық орнындағы қалдықтар қайда кетеді?
Анар Тоқтасынова
Көкпекті ауылының тұрғыны

Сауалға Көкпекті ауылдық округінің әкімі Ерлан Ниязбаев жауап береді:
- Көкпекті ауылдық округі бойынша қараусыз жүрген малдармен үнемі жұмыс жүргізілуде. Жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе, қараусыз жүрген малдардың иесі анықталып, бірнеше тұрғындарға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Қараусыз жүрген жылқылардың құлағында сырғалары болмағандықтан, иелерін анықтау мүмкін емес. Қараусыз жүрген малдардың иелерімен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.


-Көкпекті ауылының қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау орынын ауыстыру бойынша ауылдық округ әкімшілігімен жұмыстар жүргізілуде. Қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау орынын белгілеп, есерту тақташалары дайындалып ілінген. Қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау орыны өлген малдар қорымының маңы (скотомогильник), яғни Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінен оңтүстік жағында 1,5 шақырым жерде орыналасқан. Аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газеттеріне жаңа қоқыс төгу орны туралы хабарлама жарияланып, әлеуметтік желілерге ескертілді. Көкпекті ауылындағы қазіргі ҚТҚ сақтау орнына қоқыс төгуге тыйым салынып, тыйым салу жөніндегі ескертпе тақташалар мен нұсқаулық белгілер орналастырылған. Ескі қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау орынындағы қоқыс тазаланды. Қатты қалдықтар орнын тегістеу жұмыстары бойынша Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Шымкент қаласының тұрғыны «FATXI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Ирисдавлат Абдиганиевич Назаралиев қатты қалдықтар алаңын тегістеу жұмыстарын жүргізуді ұтып алған. Тегістеу жұмыстары жүргізілуде.

- Аудан орталығында Қазақстан Халық банкінің екінші банкоматы орнатыла ма?
Айнаш Сәдуақасова, Көкпекті ауылының тұрғыны

Сауалға «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамы «Семей» өңірлік филиалы директорының орынбасары Д.Жакишев жауап береді: 
- Көкпекті ауылында банкомат орнатуға қатысты арызыңыз қарастырылып, Банк басшылығына жеткізілді. Екі Банк «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы мен «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының бірігу процесі толық аяқталған соң, екінші жарты жылдықта банкомат ортанату жоспарға енгізілді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз